№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КОМПЬЮТЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨЗІЛДІРІКТІ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?

КОМПЬЮТЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨЗІЛДІРІКТІ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?

Бүгінгі компьютерленген заманда адамдардың көбі күніне 8-10 сағатын көк жәшіктің алдында өткізеді. Монитордың алдында көп отыру, ағзаға зиян екені белгілі. Мамандар монитордан бөлінетін зиянды сәулелерден көзімізді қорғау үшін арнайы көзілдірік киюді ұсынады. Демек, көзімізді қорғау үшін арнайы көзілдірікті киюге міндеттіміз.
Компьютерге арналған көзілдірік таңдар алдында мына ережелерді ескерген жөн. Көзілдірікті жұмысыңыздың түріне байланысты таңдаңыз. Егер сіз үнемі мәтіндермен жұмыс істесеңіз, контрастты көтеретін және жартылай тонды кетіретін көзілдірік қажет. Егер графикамен жұмыс істесеңіз, түстердің берілуін жақсартатын көзілдірік таңдаған жөн. Егер компьютерде ойын ойнау әдетіңізге айналса, жарықтанған линзасы бар көзілдірік қажет. Көпшілік дүкендерде әмбебап линзасы бар көзілдіріктер сатылады. Сіздің жұмысыңыздың түріне байланысты арнайы көзілдірік алғыңыз келсе, алдымен бірнеше оптиканы аралап шығуыңыз керек. Көзілдірік сатып алар алдында көз дәрігерімен кеңескен жөн. Дәрігер көзіңіздің көру жағдайын бағалап, қандай көзілдірік керектігін айтады.
Компьютерге арналған көзілдірікті оптикадан немесе дәріханадан алған дұрыс. Көзілдірікке арналған сапалы линзалар Германия, Швейцария және Жапонияда өндірілетінін ескеріңіз. Егер күні бойы көзілдіріктен көзіңіз шаршамаса, ол көзілдірік сіздің жанарыңызға сәйкес келеді деген сөз. Егер қолайсыздық сезіліп, көзіңіз ауырып, қышыса, таңдау дұрыс жасалмағандығынан немесе тауар сапасыздығының белгісі.
         Дереккөз: массагет кз. сайты
 
08 сәуір 2018 ж. 1 194 0