№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТТЫҚ СУСЫНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН

ҰЛТТЫҚ СУСЫНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН


Ресейдің ұлттық нутрициология және диетолог қауымдастығы қатерлі ісік ауруларына табиғи таза өнімдердің пайдалы қасиеті бар екенін ғылыми дәлелдеді. Әлем ғалымдары бас қосқан ғылыми шарада қазақтың ұлттық сусынында инфекцияға қарсы күресетін антидене бар екені айтылды. Осыдан соң, шетелдің назары қазақтың ұлттық сусынына ауып, сұраныс күрт артқаны байқалады.

Осы жаңалықтан соң, әлеуметтік желіде түрлі сайттар ашылып, ұлттық сусындарды шетелге экспорттау ісі қарқындады. Біздің қымызға Украина, Швеция, Ирландия, Шотландия, АҚШ, Польша елі қызығушылық танытып, ғалымдары арнайы зерттеу жасап, саумалдың ұнтақ түрін жасап, әлемдік нарыққа шығарып, қыруар қаржы көзін келтіретін бизнеске ұластырды.
Әлеуметтік желіде «Мал табу kz» сайты әрбір өңірге арнайы бөлім ашып, мал шаруашылығының өнімдерін насихаттап, сауданы қыздырып тұр. Осы сайт арқылы қорадағы түліктің өнімін жоғары бағада саудалап, табыс тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған жандармен таныстық. Соның бірі Жайылма ауылындағы ағайынды Айбек пен Жанәділ 20 түйе мен 5 жылқының өнімін ұқсатып, кәсібін дөңгелетіп келеді.
– Атакәсіптен алыс кете алмағандықтан түйе бағып, жылқының жайын жасауды кәсіп еттік. Інім екеуміз 20 түйе мен 5 жылқының күтімін келістіріп, өнімін еселеп отырмыз. Ерте бақилық болған анамыздың кәсібін жалғап, бие сүтін, өзіміз сауып, ұйытып, ашытып, тұндырып, қымыз бен шұбат дайындап отырмыз. Бұл істе тек пайда табуды ғана емес, халық саулығын нығайтуды мақсат еттік, – дейді олар.
Халықты ұлттық сусынмен қамтамасыз етіп отырған қазақ жігіттерінің қарекеті көпке үлгі. Олардың дайындаған қымызы мен шұбатына көпшілік риза. Дана Ахметқызы: «Қалжановтардың шұбаты мен қымызының дәмі ерекше. Өзгелерге қарағанда олардың саумалы таза әрі қолжетімді бағада. Он күн ішіп, күшім артып, қайраттанғанымды сездім. Әл-қуаты қайтқан жанға дауа шипалы сусынымен елдің алғысына бөленуде», – деді.
Қалжановтардың қолынан саумал ішуге ниеттілер көп. Алдын-ала хабарласып, тізімге жазыласыз. Жас кәсіпкерлер үйге дейін жеткізу қызметін ұйымдастырып, сұранысты еселеуде. Әсіресе, үлкен қариялар жиі хабарласып, адал кәсіпке ақ батасын беруде. Соның бірі Нағашыбек Игенов «Қазақтың қай сусыны болмасын дәруменге бай. Дәрі-дәрмектің зиянды жағы да көп. Біз отбасымызбен үнемі саумал мен шұбат, айран мен сүт, сүзбе мен құрт үзбей тұтынамыз. Балаларым да, өзіміз де салауатты өмір сүруді дағдыға айналдырдық», – дейді қария.
Интернет арқылы онлайн сауда жасап, қымыздың литрін 500-800 теңгеге, қымыранның литрін 400-700 теңгеге бағалап отырған жерлестер ұлттық сусынның түр-түрін дайындауды меңгерген. Уыз қымыз, балқымыз, тай қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыздың қасиетін ұққан жастар тұтынушының денсаулығына сай пайдалы түрін ұсынады. Ал, шұбатта биологиялық витаминдер А, В1, В2, С бар. Шұбаттың бiр литрi адам организмінің С витаминiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, витаминдерге өте бай. Бұл туралы бізге жас кәсіпкер Жанәділ Жарқынбекұлы айтты.
– Біз осы кәсіппен табыс табуды ғана көздеп отырған жоқпыз. Қолдағы бар түліктің игілігін халық көрсе, ел аман болса деген ниеттен туындады. Көнекөз қариялардың ұсынған шипалы сусын әзірлеу технологиясын меңгеріп, оны көпшілікпен бөліссек деген ой келді. Үйге дейін жеткізіп қарияларға қолдау-қамқорлығық көрсеткіміз келеді, – дейді Жанәділ Қалжан.

ТҮЙІН. Қазақтың ұлттық сусындары қай түрі болсын шипасы зор. Шетелдіктер­дің жусанға жайылған түліктің биология­лық өнімінде инфекциялық ауруға қарсы антиденелер барын мойындап, қазақтың сайын даласына бет түзеуі тегін емес. Өз өнімімізді өзгелердің игілігі үшін ғана емес, ұрпақ саулығы үшін бағыттай білсек, ұлттық құн-дылықтарымызды дәріптей білсек, асығымыз алшысынан түспек.

Мақпал ПАТЕНОВА
12 қараша 2024 ж. 103 0