Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда TikTok бұғаттала ма: Үкімет жауап берді

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма: Үкімет жауап берді

Премьер-министр Олжас Бектенов сенат депутаты Геннадий Шиповскихтің Қазақстанда TikTok желісін бұғаттау туралы ұсынысына жауап берді. 

Үкімет басшысы өз жауабында TikTok желісінің Қазақстандағы ресми өкілдігімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. 
“Жас пайдаланушыларды зиянды контенттен қорғау мақсатында платформа тіркелу формасын әзірледі, онда толық туған күнін көрсету қажет, өйткені TikTok 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналмаған. Платформа автоматты түрде және қолмен модерациялауды қолдана отырып, көрсетілген контентті (экстремизмді, радикализмді, сепаратизмді, шектен тыс қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы контенттер) анықтау және шектеу үшін алгоритм әзірледі”, – делінген хабарламада. 
Сонымен қатар желідегі автоматты модерация бекітілген бірыңғай ережелерді бұзатын контентті анықтай алады және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
“Контентті модерациялаудың екінші әдісі TikTok пайдаланушылардан "шағымдану" функциясына сәйкес түсетін шағымдарға негізделген (аккаунтқа, бейнеге немесе пікірге). Модератор командалары жергілікті даулы контентті тексереді және егер ол пайдаланушыларға қауіп төндірсе, оны жояды. Платформа аталған модераторлар тобын үнемі жаттықтырып тұрады”, – делінген ресми жауапта. 
Үкімет Tik Tok желісінің ресми ұстанымы жергілікті қоғамның қауіпсіздігін сақтау екенін атап өтті. 
“13 жасқа толмаған аккаунт иелерінің жойылған есептік жазбаларының санын көпшілікке жария еткен алғашқы ірі платформа Tik Tok болды. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары   аралығында TikTok 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі Қазақстандағы 1 239 635 есептік жазбаны жойды, ал өткен жылы олардың саны 1 842 467 есептік жазбаны құрады”, – делінген хабарламада. 
Сонымен қатар жауапта TikTok желісінің "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" және "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңдардың талаптарын сақтайтыны айтылған. 
уәкілетті орган құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен   бірлесіп, заңсыз контентті табу және жою алгоритмін жақсарту мақсатында тұрақты негізде TikTok өкілдерімен жұмыс кеңестерін өткізеді. Нәтижесі бойынша модерация мүмкіндіктерін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда”, – делінген премьер-министрдің жауабында. 
02 қараша 2024 ж. 252 0