Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әлеуметтік желіде құмар ойын ұйымдастырғандар 4 жылға сотталды

Әлеуметтік желіде құмар ойын ұйымдастырғандар 4 жылға сотталды

Елорданың екі тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырып, жүргізгені үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.
Алдын ала сөз байласу адамдар тобымен кінәлі тұлғалар «TikTok» әлеуметтік желісінде жалпы сомасы аса ірі мөлшерде 34 млн теңгеден астам табыс табумен «Зарик» атты құмар ойын өткізген.
Анықталғандай, ойынның шарты тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдауы қажет. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өткен.
Ойын нәтижесінде бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталған. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанған.
«Сот үкімімен Астана қаласының екі тұрғыны  Қазақстанның ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін әрқайсысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.Үкім заңды күшіне енді.
16 тамыз 2024 ж. 687 0