» » ҚАЗАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЕКСЕНБІСІ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

ҚАЗАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЕКСЕНБІСІ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ



Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қызметкерлер күні. Әлеуметтік қызметкерлер – қоғамдағы әлсіз топтарға көмек көрсетіп, оларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық тұрғыдан көмек береді. Бүгінде облыста 2 000-нан аса әлеуметтік қызметкер болса, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары 2 500-ден астам адамға қызмет көрсетіп келеді.

– Әлеуметтік қызметкерлердің атқаратын басты жұмысы - мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып есептеледі. Жалпы, біз 7 қызмет бойынша көмек көрсетеміз. Олар: арнаулы әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік тұрмыстық, медициналық, мәдени, экономикалық, құқықтық және еңбек қызметі. Қазіргі таңда қала бойынша 175 мүгедектігі бар адамдар мен қарттар есепте тұр. Сол 175 адамға 23 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді. Олар аптасына екі рет, екі сағатқа барып жәрдемдеседі. Десе де кей кездері сенбі-жексенбі күндері де сол кісілермен хабарласып, көмек керек болған кезде жиі баруға тырысады,- деді қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше басшысы Жұмакүл Жаппасбаева.

Айта кету керек, есепті кезеңде 5 997 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 1 811 отбасыға тұрғын үй көмегі төленген. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 12 489 адамға әлеуметтік төлем төленсе, бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 20 209 адамға қайырымдылық көмек көрсетілген.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
27 қазан 2024 ж. 75 0