№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сібір жарасының алдын алу

Сібір жарасының алдын алу


Сібір жарасы - жануарлар мен адамдардың аса қауіпті жұқпалы ауруы, көп жағдайда ауру жұқтырғандар қатты ауырады және соңы өлімге алып келуі мүмкін. Сібір жарасының қоздырғышы - ағзадан тыс сібір жарасы бактериясы оттегіне қосылған кезде споралар түзейді. Жануарлар сібір жарасын негізінен қоздырғышты жұқтырған топырақтан жұқтырады, бұл ауруды тудыратын микробтар ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін және белгілі бір жағдайларда көбейе алады.

Жануарлар көбінесе жұқпаны жұқпасы бар шөпті жегенде, сондай-ақ шөп жайқалып шықпағанда, яғни құрғақшылық кезінде шөппен бірге топырақтың жұқпа жұқтырған бөлшектерін жеген кезде жұқтырады.
Сібір жарасымен сырқаттану мәселесі елімізде өзекті. Жыл сайын ауыл шаруашылығы жануарлары мен адамдар арасында сібір жарасының кездейсоқ жағдайлары және өршуі тіркеледі.
Адам үшін инфекция көзі көбінесе ауру ауыл шаруашылығы жануарлары болып табылады. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды.
Адамдарда сібір жарасы - жедел басталады, қызу көтеріледі (39-40°C дейін); терідегі (ойық жара) формасы споралардың терінің жаралы (кесілген, сызаттар, жырылған) бетіне түскен кезде туындайды, теріде ойық жаралар пайда болады; өкпедегі формасы кезінде кеудеде ауырсыну, ентігу, қанды қақырық, пневмония; ішекті түрінде - қанды іш өту, құсу, метеоризм орын алады.
- Инкубациялық кезең, яғни инфекция жұқтырған сәтінен бастап алғашқы белгілердің пайда болуы бірнеше сағаттан бір аптаға дейінгі уақытты құрайды, көбінесе бұл кезең 2-3 күнге созылады.
Анықтама үшін: Сібір жарасы – аса қауіпті жұқпалы ауру, ол зооноздық ауруға жатқызылады, яғни адам ауруды ауру жұқтырған жануарлармен, оларды мәжбүрлі сою немесе олардың еті мен шикізатын өңдеу кезінде, ластанған қоршаған орта объектілерімен тікелей байланыста болған кезде жұқтырады. Сондай-ақ микробтар ауру малға күтім жасау кезінде, малды сою, терісін алу және ұшаны бөлшектеу кезінде ветеринариялық - санитариялық ережелерді сақтамаған жағдайда ауыздың, мұрынның, көздің, асқазан - ішек жолдарының терісі мен шырышты қабаттары арқылы, сібір жарасы таяқшасының споралары тыныс алу жолдарына ауа шаңы немесе ауа – тамшылары арқылы енуі мүмкін, сондай-ақ ауру жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген ет өнімдерін тұтынғанда жұғады.
Аурудың қоздырғышы сібір жарасының таяқшасы (бацилла) болып табылады. Бацилланың өзі сыртқы ортада ұзақ сақталмайды, яғни қыздырғанда, кәдімгі дезинфекциялау құралдарын қолданғанда тез өледі.
Дегенмен, ол дезинфекциялық ерітінділерде тұрақты және 20 минут бойы қайнауға шыдайтын қуатты капсуласы бар спора түзуге қабілетті. Мұндай күйдегі таяқша бірнеше ондаған жылдар бойы топырақта сақтала алады.
СІБІР ЖАРАСЫН ЖҰҚТЫРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Халық арасында спецификалық профилактика жүргізу - иммундауға жататын контингентті сібір жарасына қарсы тірі вакцинаны 21 күн аралықта екі мәрте салу арқылы иммундау болып табылады. Ревакцинация жыл сайын жүргізіледі. Екпелер зертхана қызметкерлеріне, жұқтыру қаупіне байланысты ветеринариялық мамандарға, сібір жарасы бойынша қолайсыз аумақта ауыл шаруашылығы жануарларын союмен және жануарлардан алынатын шикізатты қайта өңдеумен айналысатын адамдарға егіледі. Барлық ауыл шаруашылығы жануарлары жыл сайын вакцинациялауға жатады.
Малда ауру белгілері пайда болған кезде шұғыл мал дәрігеріне жүгіну керек. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін адамдар мен жануарлардың ауру жануармен, ластанған топырақпен және басқа да жұқпа жұқтырған қоршаған орта объектілерімен байланысын болдырмау қажет. Сібір жарасына шалдыққан мал немесе одан алынған өнім анықталған жағдайда оларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылданады, өлекселер өртеніп, жұқпа тараған объектілер залалсыздандырылады.
Ауру малмен немесе жұқпа жұққан материалмен байланыста болған адамдар 2 апта бойы белсенді дәрігерлік бақылауға алынып, профилактикалық ем алуы тиіс.
Мал сойған кезде жұқпаны жұқтырмас үшін малды тек мал дәрігерінің қарауынан кейін ғана сою қажет, етті міндетті түрде ветеринариялық сараптама жүргізілетін сауда кәсіпорындарынан, базарлардан сатып алу керек.
Етті ұзақ термиялық өңдеуден өткізу қажет, яғни жақсылап қайнатып, қуыру керек.

Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
22 қазан 2024 ж. 292 0