» » Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті

Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті


Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті. 

Ал Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат пен оның орынбасары Айбек Бидаевқа сөгіс жарияланды. Еске салайық, бұған дейін Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев Аслан Қасымбаевтың Хасанға туыстық қатынасын растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармаған еді. 
Оның айтуынша, Аслан Қасымбаевтың Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырғанына екі жылдан асқан. Оған дейін Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 
Айта кетейік, Аслан Қасымбаев "Хутор бандасының" басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың ағасы. Ол Талғар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметінде 2 жылдан аса отырған. 
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған. Прокуратура жеті күдіктінің қамауға алынғанын хабарлаған.
Ал 15 қазанда Ішкі істер вице-министрі 10 адам күдікті деп танылып, қылмыстық іс  қозғалғанын мәлімдеді. 
16 қазан 2024 ж. 128 0