№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жаңақорған ауданы әкімінің 2024 жылдың 20 маусымындағы №24 өкімімен Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ибрагим Рүстем Рәбілұлы тағайындалды.
Рүстем Ибрагим 1975 жылы Жаңақорған ауданы, Қызыл жұлдыз ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы «Билібай» кіші кәсіпорнында жұмысшы болып бастаған. 1998-2010 жылдары Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының салықшысы, жетекші маманы, 2010-2013 жылдары Кейден ауылдық округі әкімі аппаратының есепші-маманы, 2013-2016 жылдары Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2016-2021 жылдары Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі, 2021 жылдың 18 маусымынан Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келеді.
21 маусым 2024 ж. 895 0