№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨҢІРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ӨҢІРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА



ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің әр өңірі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Қызылорда облысының картасына агроөнеркәсіптік кешен, жер, жолдар және инфрақұрылым, әлеуметтік сала, бизнес, сейсмикалық қауіпсіздік салалары енгізілген.
«Департаменттің ұсынысы негізінде шартта көрсетілген артық талаптар жойылып, 1500-ден аса кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Суару сумен қамтамасыз ету саласына келетін болсақ, «Көкарал» бөгеті бойынша бүгінгі күнге дейінгі жұмыстарды қабылдау актілеріне сәйкес, жұмыстар нақты іс жүзінде атқарылмағандығы анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде мердігермен кемшіліктер жойылды және жетіспейтін құрылыс жабдықтары толықтай жеткізілді. Осылайша жоғарыда көрсетілген қаражат жымқырудың жолы кесілді», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев.
Антикор өз қызметін басқа да мемлекеттік органдармен, қоғаммен және халықпен бірлесіп жалғастыратын болады.
11 қазан 2024 ж. 70 0