№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жаңақорған ауданы “Үздік аудан” атанды

Жаңақорған ауданы “Үздік аудан” атанды

Бүгін Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында “Алтын күз 2024” салтанатты шарасы өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барша аймақ жұртшылығын және Сыр дихандарын молшылық мерекесімен құттықтап, жыл бойы аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.

Мерекелік шарада еңбек майданын­да озат атанған аудандар марапат төрі­нен көрінді.
Мал шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Жаңақорған ауданы «ҮЗДІК АУДАН» атанды.
Жаңақорған ауданы мал шаруашылығы саласында төрт түлік шаруашылығын өрістетуте алдыңғы саптан танылып келеді. Биылғы жылы да мал өнімдерін өндіруде жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Есепті кезеңде мүйізді ірі қара саны – 130,9 пайызға, қой мен ешкі – 24,6 пайызға, түйе – 22 пайызға артқан.
Мал басын өз төлі есебінен ұлғайтып, ірі қара тұқымын асылдандыруда ғылы­ми тәжірибелерді де кеңінен қолда­нып, үлкен жетістіктерге жетіп отыр­ған ауданымызда осынау жетістіктер­дің барлығына шаруаларымыздың ерен еңбегінің арқасында қол жетіп отыр.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

“Алтын күз 2024” салтанатты мерекесі аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын марапаттады. Олардың қата­рында Жаңақорған ауданы бойынша:
– «Озат бидай өсіруші» номинация­сымен Рыспанбетов Мұрат Қасқырбай­ұлы марапатталды. Жаңақорған ауданы, «Сұңқар» шаруа қожалығының бидай өсірушісі.
220 гектардың әр гектарынан 35 центнер өнім алған.
– «Озат мақсары өсіруші» номина­циясы бойынша Берістем Даулет мара­патталды. Даулет Бақытжанұлы Жаңақорған ауданы, «Өзгент С» шаруа қожалығының мақсары өсірушісі. 124 гектар мақсарының әр гектарынан 18 центнерден өнім алған.
– «Озат картоп өсіруші» номинациясы бойынша Фазылов Олжас Айдарханұлы марапатталды. Олжас Айдарханұлы Жаңақорған ауданы, «Айдархан» шаруа қожалығының картоп өсірушісі. Бекітілген 5 гектар картоптың әр гектарынан 280 центнерден өнім жинады.

ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН 13 ҮЗДІККЕ АВТОКӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

«Алтын күз» салтанатты шарасын­да шаруа қожалықтардың демеушілігі­мен 13 озат еңбеккерлерге автокөлік табысталды.
«Абзал и К» ТС-нің 5 инженерге «Cheri», «Таң ЛТД» ЖШС-нің 3 еңбек адамдарына «Lada Granta» автокөлікін сыйға тартылды.
Сондай-ақ, «Ақжар» шаруа қожа­лығының 2 үздікке «Lada Granta» автокөлігін мінсе, «Абай Дәулет» ЖШС озат 3 маманға «Chevrolet» тұлпары табысталды.
Жалпы облыс дихандары биылғы жылы 500 мың тоннаға жуық Сыр маржанын жинап, күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алды.
Сыр маржанын төкпей-шашпай жинап алуда ауызбіршілікпен жұмыла еңбек еткен егінші қауымның маңдай-тері бүгінгі мерекеде шынайы бағасына ие болды.

«Жт» ақпарат
12 қазан 2024 ж. 129 0