АЭС: Халық таңдауы жаңа белеске шығарады

Кездесу барысында аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Арман Әбілпейісұлы референдумның нәтижелеріне тоқталып, Орталық референдум комиссиясының алдын ала берген мәліметі бойынша дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 71.12% АЭС құрылысын қолдағандарын атап өтті. Осы ретте референдум жұмысына қатысқан сайлаушылар көрсеткіші бойынша облысымыздың жоғары көрсеткішпен алдыңғы қатардан көрінгенін айтты. Бұдан бөлек аудан халқының дауыс беру күні жоғары белсенділікпен өз таңдауларын жасағанын жеткізді.
Мұнан соң жиынға қатысушы бірқатар партия ұйымының төрағалары өз ойларын ортаға салып, референдум қорытындысы бойынша оң пікірлерін білдірді.
Ең бастысы – халық өз болашағына қатысты шешімді өздері қабылдады. Саяси белсенділік танытып, ел ертеңіне жанашырлықпен, махабатпен қарайтынын көрсетті.