» » Абырой биігінде

Абырой биігінде


Өңірдің өркендеуі жолында еңбек етіп, елдің ыстық ықыласына бөленген еңбек майталмандары қандай құрметке болса да лайық. Әсіресе саналы ғұмырын бір ғана салаға арнап, төл кәсібінің тұғырын тіктеген жандардың жүріп өткен жолы кім-кімге де өнеге. Сондай жанның бірі, аудандық электр жүйелері мекемесінде отыз бес жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Тұрсымат Әбдіәшімұлы жақында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы Алғыс хатына ие болып, қаржылай 400 мың теңгенің сертификатын алып қайтты.


Еңбек күні мерекесіне орай марапатталған сала ардагері туралы қысқаша баяндасақ. Ол алғашқы еңбек жолын аудан орталығындағы ХРСУ мекемесінде бастап, 1989 жылы сол кезде Өтеген Әлімбетов басқаратын Жаңақорған электр жүйелері мекемесіне жұмысқа орналасады. Алдымен Серік Мұхтаровтың жетекшілігіндегі №1 бригадада жұмыс істейді, қазіргі Қожакент ауылынан бері қарай аумақтағы подстанция жұмысына жауапты болды. 1999 жылдан бастап ВЛ 35 киловольтты желісіне қарайтын 3-інші учаскеге ауысып, 2010 жылы кезекші монтер болады. Одан кейінгі жылдары диспетчер қызметін атқарды. Тәжірибелі маманның жолын қуған шәкірттері аз емес. Өзінің ұлы Асылбек те әке жолын қуған, мамандығы – электромонтер.
Міне, адал еңбектің, қажырлы қызметтің өтеуі осы болар.


Әли ТЕМІРБЕК

05 қазан 2024 ж. 59 0