№84 (8795) 22

22 қазан 2024 ж.

№83 (8794) 19

19 қазан 2024 ж.

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Таза бейсенбі» акциясы жалғасып жатыр

«Таза бейсенбі» акциясы жалғасып жатыр


«Таза Қазақстан» жалпыұлттық шарасы аясында бастау алған «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын тауып, кезекті тазалық жұмыстары жүргізілді.

«AMANAT» партиясы 12 сәуірден бастау алған Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау білдіріп, бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде.
Атап айтсақ, экология саласындағы заң нормаларын шығару қызметі, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы, «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасы, Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі қоғамдық науқаны және жасыл волонтерлік деп аталатын 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып, 6 маусым күні партия «Таза бейсенбі» акциясын бастады.
Басты мақсат: тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын, қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы экологиялық қоғам құру.
Акция аясында Хорасан Ата көшесі бойына «AMANAT» партиясы аудандық филиалы «Жасыл ел» жасағындағы жастармен бірге көшені қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді..
Аудан тұрғындарын қоршаған ортамызды ластамауға шақырамыз!
14 маусым 2024 ж. 286 0