№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасанды интеллект: журналистикаға жаңа серпіліс әкеле ме?

Жасанды интеллект: журналистикаға жаңа серпіліс әкеле ме?


Компьютерлік технологиялардың жаңа мүмкіндіктері жыл санап жемісті нәтижелер көрсетуде. Соның бірегейі бүгінгі қоғамның басты тақырыбына айналған жасанды интеллект. Жасанды интеллект дегеніміз – адамның ойын, іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін жүйе. Бұл сөзді алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде, Жон Маккарти есімді азамат қолданған көрінеді. Бүгінде аталмыш жүйе белгілі бір жолға қойылып, тіпті, бірқатар нәтижелерін беріп үлгерді. Компьютерлік нейрожүйеден көрініс тапқан жасанды дүниелер заманауи өнертабыстың айқын көрінісі десек те болады.


Жасанды интеллектінің бір көрінісі ақпараттандыру саласына да жаңа серпіліс алып келгендей. Сан турлі ақпараттық қолданбалар аясында бұрын-соңды көріп білмеген нәтижелі өзгерістер массмедиа саласы өкілдерін де таңқалдырып үлгерді. Сан түрлі шексіз нәтижелерінен ақпарат айдынының одан әрі кеңейе түскенін анық байқауға болады.
БАҚ саласындағы Жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндіктерін өңірлік журналистерге қолжетімді ету мақсатында Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Қызылорда облысында "Журналистикадағы жасанды интеллект және ютуб" атты семинар-тренинг өткізді. Екі күнге жоспарланған сабақ облыстық Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылды. Жергілікті тілшілер мен БАҚ өкілдері жиналған басқосуда білікті медиатренерлер сабақ өтіп, келуші қауымға жаңа технологиялардың шексіз мүмкіндіктерін баса түсіндірді.
Түркітілдес журналистер қорының бұл тренингі қызықтылығымен ерекшеленді. Аталған қор президенті, тәжірибелі де білікті журналист Нәзия Жоямергенқызы қазақ журналистерінің заман талабына сай біліктілігін арттыру, кәсіби маман ретінде табыс табу жолдарының қайда бағыт ала бастағанын тиянақты жеткізіп, жасанды интеллект алгоритмдері мен құралдарын тиімді пайдалану жолдары және YouTube платформасының мүмкіндіктері бойынша кеңінен таныстырды.
Қазірдің өзінде жасанды интеллект өзекті қолданбалы мәселелерді шешу үшін қолданылады. Нақтырақ айта кетсек, сараптамалық жүйелер жоғары білікті мамандар жетіспейтін орында тиімді шешімдерді жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту, медициналық диагноздарды алдын-ала қою секілді қауырт жұмыстардың жүгін көтеруде жасанды интеллект жасаған шексіз мүмкіндіктердің маңызы орасан.
Жаңа технологияларды игеріп қана қоймай өндіруде, одан әрі қолданып жүйелі нәтижеге қол жеткізуде терең компьютерлік білім мен робототехникалардың көтерер жүгі жеңіл емес. Әлемдік ірі державалардың мұндай мүмкіндіктерін игеріп үлгерудің өзі қиынға соғып тұрғанымен цифрлы дәуірдің айқын мақсатына бой ілестіру жалпыға ортақ міндет.

Жәмила ЕРМАХАН

01 қазан 2024 ж. 227 0