» » Жемқорлықсыз ел гүлденеді

Жемқорлықсыз ел гүлденеді


Елдің дамуына кедергі болып отырған кеселдің бірі – жемқорлық Онымен күресу – баршаға ортақ міндет.

Кез келген елдің дамуына кер­тартпа болып қана қоймай, бүгіні мен келешегіне көлеңкесін түсірер теріс әдет-құлық – сыбайлас жемқорлық­қа қатысты қылмыстарды анықтауға бұқараның белсенділігі қажет.
Сыбайлас жемқорлық деп игіліктер мен артықшылықтар немесе пайда табу мақсатында өзінің лауазым­­дық немесе қызметтік өкілеттігін заң­­сыз пайдалануды айтамыз. Сыбай­­лас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық қылмыстық кодекс­те және әкімішілік құқық бұзушылық­тар туралы Кодексте көзделген.
Мемлекеттік қызметтегі лауа­зымды адамдардың билікті теріс пайдалану арқылы жеке бас табыс көздерін арттыруға ұмтылуы пара­қорлық пыйғылбен ұштасып, сал­дарынан әлеуметтік әділеттілік прин­циптері аяқасты болып, тіпті ада­ми құндылықтардың қадір-қасиетіне сына түсірері анық.
Міне, сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның өз­ара іс-қимылды өрістетуге жариялы­лық пен ашықтықты бекемдейтін заң нормалары күшейтілді. Сыбай­лас жемқорлықтың алдын алуда заңнамалық жаңа құралдарды ен­гізуге баса мән берілген. Мем­лекеттік қызметшілердің және олар­­ға теңестірілген азаматтардың шығыс­тары мен кірістерінің сәйкес­тігін бақылау арқылы негізсіз табыс табу көріністеріне жол бермеу қарастырылған. Әрбір жағ­дайда мемлекеттік қызметшіге шығыс­тар­дың заңдылығын растауға мүмкін­дік беріледі. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ха­бардар еткен тұлғаны қорғау мәселесі де өзекті.

Әліммхан АХтаев,
Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі
28 қыркүйек 2024 ж. 135 0