Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылорда облысынан 800 азамат әскерге барады

Қызылорда облысынан 800 азамат әскерге барады


ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап азаматтарды мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Науқан жыл соңына дейін жалғасатын болады. Биыл облыс бойынша 800-ден астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілмек. Бұл туралы Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Шаңқұлов айтты.

 Облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Ең әуелі өңірдегі 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтарға шақырту қағазы жолданады. Одан соң азаматтар шақыру қағазында көрсетілген мекенжайға келіп, медициналық сараптападан, тесттік тексеруден және полиграфиялық тексерістен өтеді. Биылғы жоспар бойынша ҰҚК Шекара қызметіне - 170, Ұлттық ұланға - 280, мемлекеттік күзет қызметіне - 10, ал Қарулы күштер қатарына 420 азамат жіберілетін болады,- деді Жасұлан Бөгенбайұлы.
16 қыркүйек 2024 ж. 859 0