Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 543

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордадан 700-ге жуық азамат әскерге аттанады

Қызылордадан 700-ге жуық азамат әскерге аттанады


Қызылорда облысында көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы жылдың көктемінде ҚР Қарулы күштері және басқа да әскери құралымдарға 700-ге жуық қызылордалық азамат әскери борышын өтеуге аттанады.


Қазіргі уақытта ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 130-ға жуық, ҚР Қарулы күштері қатарына 300-ге жуық азамат жөнелтілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Алмат Жақыпов хабарлады.

«Сыр елінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру барысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Әскерге шақырушылар мен олардың заңды өкілдеріне заңдық талаптар мен міндеттемелер ұдайы түсіндіріліп, облыстық жиын пункті жанынан қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады. Облыс әкімдігінің қаулысы негізінде облыстық жиын пункті және темір жол станциясынан сарбаздарды шығарып салу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Сонымен қатар қала және аудандардарға медициналық комиссиялар толығымен тәжірбиелі мамандармен қамтамасыз етілген», – деді Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Алмат Жақыпов.
15 маусым 2022 ж. 520 0