№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код қашан іске қосылатыны белгілі болды

Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код қашан іске қосылатыны белгілі болды

Ұлттық төлем корпорациясының басшысы Бинұр Жәленов Қазақстанның барлық банктері үшін бірыңғай QR-код жүйесі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында енгізілетінін айтты.

2024 жылдың соңына қарай QR-код пилоттық режимде жұмыс істей бастайды.
"Биыл біз телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдарды, ал келесі жылдың бірінші жартысында бірыңғай QR мүмкіндігін қосамыз. Қазір жұмыс қызу жүріп жатыр",
– деді Жәленов.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жүйені 2024 жылдың соңына дейін іске қосамыз деп уәде еткенімен, уақыты ауысты. Бұл жүйе 2022 жылдан бері талқыланып келеді. Бұл туралы бұрынғы сауда вице-министрі Әсел Жанасова да мәлімдеді.
Бірыңғай QR клиенттерге қай банкте қызмет көрсетілетініне қарамастан тауарлар мен қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бәсекелестіктің дамуына оң әсер етуге тиіс.
16 қыркүйек 2024 ж. 371 0