Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы

2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың айрықша өзектілігін алға тартып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бағытта кәсіптік-техникалық білім беруді елеулі түрде қайта жаңғырту жоспарлануда. Аталған өзгерістер кадрлар даярлауда заманауи жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі таңда елімізде 772 колледжде 15 бағыт бойынша мамандар даярлануда. Әлбетте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екені айқын. Осы бағытта Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің де өзіндік орны бар.


Бүгінгі қазақстандықтардың игілігіне қажет критерийлерді басты назарға алған құжатты іс жүзінде шындыққа айналдырсақ қоғамдағы кереғарлықтан арылатынымыз анық. Әсіресе білім мәселесіне терең тоқталып, кәсіптік білімге назар аударған Президент сапалы кәсіби маман даярлауды негізге алды. Расында, адам капиталын арттырып жастардың жұмыссыздығын жоюдың бір тетігі – кәсіптік білімде.
Яғни, Президент келешек кәсіби білім берудің маңызына баса назар аударды. Бүгінгідей гуманитарлық бағытта дипломы бар бірақ жұмыссыз жүрген жастармен салыстырғанда, кәсіптік білімді меңгерген мамандарға сұраныс жоғары екенін жасырмау керек. Алайда кәсіптің де заманға, тұтынушы талғамына, қоғам қажеттілігіне сай түрлері бар. Кәсіптік білім беруді жолға қойған оқу орындары үшін осы межеден шыға білу басты мақсат. Нақтырақ айтқанда, қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналған жұмыссыздықты жою – заман талабына, нарық сұранысына сай маман даярлауды көздейді. Уақыт алға жылжып, технология қарыштағаны сынды оқу мен білім, оқыту технологиясы да жылдан-жылға даму үстінде.
Жылдан-жылға оқу-тәрбие процесіне талап күшейе түсуде. Мұның өзі ұжым өміріміне зор серпіліс сыйлайды. Айтулы шаралар қатарында колледждегі «Алтын ғасыр» пікірсайыс алаңы, «Оқуға құштар колледж» жобаларын айтар едім. Онда көшбасшы білімгерлер іріктеліп, өз мінберін бекемдейді.
Студенттердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқу орнында арнайы жабдықталған тренажер залы мен теннис үстелі, спорттық алаң шәкірттердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануға, спортқа бейімделуге бағыттайды. Жыл көлемінде облыстық кәсіптік білім беру орындары арасында өтетін волейбол, баскетбол ойындары сайысында «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж» ұжы­мының қыздар және ерлер командасы көш бастап, тұғыр төрінен танылып жүр. Жастарға құқықтық негізде білім беріп, өз-өзіне сенімділігін арттыру, заңды құрметтеуге баулу назарда тұрады. Бұл бағытта аудандық полиция бөлімінің жауапты мамандары­мен бірнеше рет кездесу жиналыстары ұйымдас­ты­рылды. Құқықбұзушылықтың алдын алу, жастарды адамгершілік-рухани құндылықтарға баулумен қатар, өз құқығың қорғай білуге ынталандыратын танымдық тәрбиенің маңызы зор.
«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы». Бұл – дана қазақтың кемел ұстанымы. Кеше мен бүгіннің асыл­ын, құндылығын келешек ұрпақ тәрбиесінде білім ошақтарына артылар жүк те, жауапкершілік те ауыр.
Кәсіптік білім берудегі негізгі міндет – ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, бәсекеге қабілетті жұмысшы кадрларын даярлау болып табылады. Қажырлы еңбек, үздіксіз ізденіс, қарымды қабілет, колледж ұжымының негізгі ұстанымы осындай.

Дәулетхан Мадиярханұлы,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі директорының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
14 қыркүйек 2024 ж. 589 0