№74 (8785) 17

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (8784) 14

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (8783) 10

10 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Көшпенділер ойыны: Тоғызқұмалақтан алғашқы ойын басталады

Көшпенділер ойыны: Тоғызқұмалақтан алғашқы ойын басталады


5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар 9.09 күні 09:09 сағатта басталады. Ойыншылардың алғашқы жүрісін «Думан» қонақ үйінде 9 тақтадан 9 ұяшыққа 9 ойыншы салу арқылы бастайды. Ойынның бұлай символикалық таңдауы Көшпенділер ойынының аясында «Тоғызқұмалақ күніне» орайластырып отыр. Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен 2020 жылы 9 қыркүйектен бері атап өтіледі.

Бұл күні сондай-ақ тоғызқұмалаұтан рекорд орнату үшін маңызды шара өтеді. Бұған дейін хабарланып, үміткерлер ойынға қатысу үшін бірінші кезекте арнайы тіркеу формасын толтыру қажет болды. 9 қыркүйекте сағат таңғы 9:00-21:00 арасында, мектеп, университет, колледж, жұмыс мекемесі қабырғасында өздерінде бар тоғызқұмалақ тақталарымен қатысушылар арасында тоғызқұмалақтың блиц түрі бойынша ойнап, ойын барысынан фото, видео деректерді әлеуметтік желіге (instagram, tik-tok, facebook ) парақшаларына хештегтерді қолдана отырып жүктейді.Бүгінгі күнде 150 мыңнан астам адам осы талап бойынша тіркелді.
Астана қаласындағы «Думан» қонақ үйінде тоғызқұмалақ, мангала, овари ойындарынан 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында жарыстар 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыс бағдарламасы төменде қосымша берілді. Ойын көрермендері мен Бұқаралық ақпаралық құралдары өкілдері қонақ үйдің «Парламент» конференц-залында өтетін жарыстарды тамашалай алады. Интеллектуалдық ойындарға әлемнің 40 елінен 130 қатысушы келді, Колумбия, Бангладеш,Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка елдері және Араб елдерінен ойыншылар Астанаға ат басын тіреді.

Тоғызқұмалақ– Қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойын. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді. Ал 2022 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының шешімімен 9 қыркүйек тоғызқұмалақ күні боп бекітілді. Дүниежүзілік және ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының президенті – Әлихан Бәйменов. Федерация өткен жылдан бері ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.
Овари – Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны. Оны екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады, олар бірге 12 кішкентай шұңқыршаларды құрайды, сонымен қатар, ойыншыларда тастарды жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыршалар болады. Овари ойыны 48 шармен ойналады.
Мангала–Мангала түрік халқының зияткерлік ойыны. Екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады, олар бірге 12 кішкентай шұңқырша құрайды, сонымен қатар, ойыншылардың тастарды жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыршалары болады. «Мангала» ойыны 48 таспен ойналады.
Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары алғаш рет Қырғыз Республикасының бастамасымен пайда болды. Халықаралық спорттық шара әлемдік мәртебеге ие болды. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары – этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өткен еді. Ал 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылды. Биыл 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны Астанада жалауын көтерді.
Өтетін орны мен уақыты: 09.09. сағат 09:09
Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 2А. «Думан» қонақ үйі, «Парламент» конференция залы.
Байланыс үшін: Ришат Асқарбекұлы, 8 707 730 0817
09 қыркүйек 2024 ж. 330 0