Тамара Дүйсенова жайлы мектепте болды

Айта кетейік, білім ошағы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл бой көтеріп, қолданысқа енгізіліпті. Есігін жаңа ашқан мектептің оқушылары, ұстаздары мен ата-аналары алдында сөз алған Тамара Дүйсенова білім күнімен құттықтады.
– Бізде Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлері, республикалық физика-математика мектептері секілді үздік білім ошақтары бар. Олардың оқушылары білім сапасының өте жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанды дүние жүзіне танытуда. Әрине, еліміздің барша балалары сондай мектептерде оқуды арман ететін. Президент сіздердің армандарыңызды орындады деп айтсам болады. Алдағы жылдары мұндай мектептер барша қазақстандық балаларға қолжетімді болмақ. Сіздердің алдарыңызда жақсы оқып, еліміздің лайықты тұлғалары болу міндеті тұр, – деді Тамара Дүйсенова.
Иа, биыл алғашқы қоңырау елдегі 7859 мектепте соғылды. Онда жалпы саны 3,9 млн-нан аса бала білім алмақ, оның 352 мыңнан астамы білім ошақтары табалдырығын алғаш рет аттап отыр.