№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Төменарық ауылында газ желісі іске қосылды

Төменарық ауылында газ желісі іске қосылды



«Ел өміріне еніп жатқан жарқын жаңалықтар ауыл халқының тыныс-тіршілігіне тың серпін берері кәміл».Жаңақорған ауданындағы жаңадан тұсауы кесілген төрт нысанның ашылу салтанатына арнайы келіп қатысқан аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев осылай деді.
Облыс әкімімен бірге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және мемлекет, қоғам қайраткер¬лері өкілдерінен құралған арнайы топ алдымен Төменарық елді мекенін¬де құрылысы аяқталған газ желісінің тұңғыш берілу салтанатына куә болды.
Жиналғандар алдында сөз алған облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаев алдымен ауыл халқын Алтын заң мерекесімен және жаңа оқу жылымен құттықтады.

– Мемлекет басшысыресми қызметке кіріскен күннен бастап ең бірінші «Ауыл-аймақтарды дамыту туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Өйткені жалпыұлттық дамудың түпқазығы – ауылдардың көркеюінен бастау алады. Осыған орай мемлекетімізде 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдама қабылданып, соның негізінде  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясы артып келеді. «Ауыл аманаты», басқа да кәсіпкерлік дамуға бағытталған жобалар қабылданып, барлық өңірде сәтті іске асуда, – деп сөз бастаған әкім одан әрі Сыр өңіріндегі серпінді жаңалықтарды айтып өтті.
Мемлекет басшысының және Үкі¬меттің қолдауымен өңірімізде жаңа жобалар жүзеге асуда. Осыдан екі жыл бұрыноблыс бюджеті  326 млрд теңге болса, қазір ол 733 млрд теңгеге жеткенін, бұл қаражат өңіріміздегі ең өзекті деген мәселелерді шешуге, халықтың тұрмыстық сапасын жақ¬сартуға бағытталып отырғанына көп назарын аударды.
– Биыл өңірде 869 млн 300 шаршы метрді  құрайтын тұрғын  үй құрылысы жүруде. Өткен жылдармен салыстырғанда 121 пайызға өсім бар. Өткен екі жыл ішінде халыққа 4 мыңнан  аса пәтер табысталды.  Оның игілігін 17 мыңнан астам халық көруде.  Биыл 34 млрд 100 млн теңгеге 2,5  мың пәтер сатып алып, тағы да жерлестерімізді қуантамыз деп отырмыз.
Ауыз сумен қамтамасыз етуге 5 млрд 300 млн теңге қаражат бөлінді. Осы арқылы келесі жылы  өңірді орталықтандырылған ауыз су¬мен қамтамасыз ету көрсеткішін 100 пайызға жеткізетін боламыз, – деген ол аймағымызда ең үлкен мегажоба – 245 млрд теңгеге электр жылу орталығы құрылысы басталғаны, алдағы жылы тамыз-қыркүйек айында облыс аумағы толық электр энергиясымен қамтамасыз етілетінін айтты.
– Мемлекет басшысының қолдауымен Қызыл¬орда-Жезқазған автожолының құрылысы қар¬қынды жүруде. Біздің өңірімізге тиесілі  216 шақырымының қазір  140 шақырымы аяқталды. Ары қарай жұмыс жалғасуда. Келесі жылы толық аяқтайтын боламыз, – деді. Қазан айында Ақтө¬бе- Қызылорда автожолын кеңейту жұмыстары басталмақ. Бұл аумақта жол-көлік оқиғалары көп орын алуы шұғыл әрекетке көшуге итермелеге¬нін, осы бағытта өңір басшылығының жоғары орындарды хабардар етуінің нәтижесінже  нақты шешім қабылданып отырғанын жеткізді. Жоба құны шамамен 1 триллион 300 млрд теңге, осы қазан айында бастау алады. Жол бойында өңірдің бес ауданының  тұрғыны, яғни 330 мыңға жуық халық тұратынын да еске салды.
Аймақ басшысы Төменарық ауылы тұр¬ғындарын бүгінгі қуаныштарымен құттықтады. Жалпы өңір халқын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге 30 млрд-тың үстінде қаражат бөлінген екен.Соның 2 млрд 200-і Төменарық ауылына бағытталғанын айтты.
Бұл жұмыс ауылдарда келесі жылы да жал¬ғасын табады. Биылдың өзінде өңір бойын¬ша көгілдір отынмен қамтамасыз етілу  көрсеткіші 78 пайызға жеткен. 
Жалпы биылғы жыл төменарықтықтар үшін жарқын жаңалыққа толы жыл болды. Төменарық ауылындағы ғасырлық тарихы бар, соңғы кезде жабылып қалған көне аурухананы жаңартуға  1 млрд 930 млн теңге қаржы бөлінді. Сонда бір ауылдың өзіне 3 млрд 100 млн теңге бөлініп отыр.
Ауылда жарық, ауыз су, көгілдір отын мәселесі шешілді. «Ауыл аманаты» ар¬қылы арзандатылған несие берілуде.Облыстық бюджет арқылы селолық тұтыну кооперативтеріне  қаржы бөлініп, жұмыс жасаймын дегендерге толық мүмкіндіктер туғызылып отыр. Десек те, жақсы тұрмыс қалыптастырып, өнегелі өмір сүру адамның жеке басы мәдениеті мен әлеуетіне келіп тірелетіні, осы бағытта ауыл халқын ынтымақты тірлік пен ауызбірлікке шақырды.
Келесі кезекте ел алдына шығып сөз алған Қызылорда және Шиелі ауданы¬ның Құрметті азаматы, облыстық арда¬гер¬лер кеңесі төрағасы Серік Дүйсен¬баев ел өміріне еніп жатқан реформаларды лайықты жүзеге асыруда әркімге өз әлеуеті тұрғысында үлес қосудың маңызы турасында ойларын ортаға салды. Одан әрі жерлесіміз, құқық қорғау саласы ардагері Құрбанғали Камалов ақ батасын берді.
Салтанат барысында ауылдық арда¬герлер  кеңесі мүшесі, зейнеткер Ахметбек Әлкеев, Жиделі топтық су құбыры мекемесінің электригі Жол¬дасбек Ысқақов, «Ділман-Ата» шаруа қожалығының төрағасы Әмірбек Кен¬жебеков, «Алия» құрылыс-сервис ЖШС шебері Ердәулет Мырзабеков, №223 мектептің сантехнигі Нәлібай Рысбаев, №53 орта мектеп техни¬калық қызметкері Аллаберген Темір¬ханаханұлы, ауылдық клуб мәдени ұйымдастырушысы Бақыт Сәрсенбаев, №223 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әйгерім Нұрымбаева, «Алия» сервис ЖШС директоры Арман Жұмаділов, «Алия» сервис ЖШС учаске басшысыРақымжан Байсалов марапат төріне көтеріліп, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Баян ҮСЕЙІНОВА
30 тамыз 2024 ж. 162 0