Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «ҮЛГІЛІ ЕЛДІ МЕКЕН» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҮЛГІЛІ ЕЛДІ МЕКЕН» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары арнайы қатысты.

Қаланы абаттандыру, елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, оларға жайлы орта жасау бағытындағы жұмыстарды ынталандыру, бағалау мақсатында қолға алынған «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы биыл екінші жыл қатарынан өткізілуде.

Үздік елді мекендерді анықтау үшін азаматтық қоғам өкілдерінен, халық қалаулыларынан, тәуелсіз журналистер мен экобелсенділерден құрылған тәуелсіз сарапшылық комиссия жұмыс жасап, шешім қабылдады.

«Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша екінші орын жеңімпазы Қожакент ауылы, жер қазушы трактор және тіркемесімен тиегіш - тракторы табысталды. Ал, «Үлгілі елді мекен» номинациясымен Өзгент ауылы марапатталып, абаттандыру жұмыстарын қаржыландыру жобаларына 15 млн теңгені иеленді.
18 тамыз 2024 ж. 1 789 0