№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Машбек Нәлібаев ауылында спорт кешені ашылды

Машбек Нәлібаев ауылында спорт кешені ашылды



Спортты насихаттап, дене шынықтырумен айналысатын халық санын көбейту, әсіресе, ауыл халқының спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Осы орайда, Жаңақорған ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында Машбек Нәлібаев ауылында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде √7 олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалы ашылды.
Спорт мектебі филиалының ашылу салтанатына Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. "Өскелең ұрпақтың денсаулығы біздің жасайтын қамқорлығымызға тікелей байланысты. Әрбір жоба арқылы біз балалардың болашағына сапалы білім берумен қатар, әлеуметтік ахуалын жақсартамыз. Ашылғалы тұрған спорт кешенінде жаттыққан спортшылардан көк туымызды Халықаралық дүбірлі додаларда желбірететін чемпиондардың шығатынына сенімім мол"-деп, спорт нысанының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары да ауыл спортын дамыту жолындағы қадам үшін ел ағаларына алғысын білдірді.
09 қазан 2023 ж. 859 0