Қайырымды істің қайыры бар

Әрбір адам үшін баспаналы болу – үлкен қуаныш. Байкенже ауылының тұрғыны Амансырым Жадыра Абдулшукуркызының арманы әкесі мен анасын баспаналы етіп, ел қатарлы жылы үйде уайымсыз күн кешуі болатын. Міне, сол арманына қол жеткізіп, Жаңақорған ауданынан баспаналы болып отыр. Әкесі Амансырым Абдулшукур екінші топ мүгедектігі болса, анасы Абуова Айнагүл – үшінші топ мүгедегі. Қыздары Жадыра өзінің үш баласымен қатар, ата-анасын қарап отырған жан. Отбасылық жағдайларына қарай Астана қаласында 1 бөлмелі пәтер жалдап тұрып келген. Енді, бұл отбасы өз үйлерінде еркін өмір сүретін болады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Осындай кеңпейілді жандардың арқасында барша қазақ баспаналы болады деп сенейік.