Құралайды көзге атқан мергендер сайысты
Садақ ату – қазақтың қанында бар өнер. Жаугершілік заманда ата-бабамыздың мінер аты белдеуде, бес қаруы кереге басында сақталып, әр ауылдың ұландары кез келген жағдайға дайын болуға машықтанғаны аян. Осы бес қарудың бірі – садақ ату өнері заманға сай қайта жаңғырып келеді. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Прайм Парк саябағында «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Кім мерген» садақ ату сайысы өтті.
Атаулы шарада «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Жарыстың мақсаты - дәстүрлі садақ ату өнерін насихаттау, яғни оны қазақтың ұлттық спорттық өнері ретінде дамыту. Осындай мергендердің сайысын өткізудегі басты мақсат– қазақ елінде ұлттық құндылықтарды көтеру, ұмытылған дәстүрді жаңғырту. Әрине, бабамыздан аманат етілген құндылықты әр қазақтың бойына сіңіру кез келген азаматтың міндеті. Сонда ғана ел ұландарының болашағы жарқын болмақ, – деп ақжарма тілегін жеткізді.
Иа, сайыс мақсаты – дәстүрлі садақ ату өнерін насихаттау, яғни оны қазақтың ұлттық спорттық өнері ретінде дамыту. Сайыстың қорытындысымен I орын - Өміртай Ғалымжан, II орын - Бектемір Өмірбек, III орын - Шәрібек Саят иеленді. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттап, дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.
Садақ ату денсаулыққа өте пайдалы. Халқымызда мергендер епті әрі ақыл-ойы жоғары болады деп саналған. Сондықтан, бұндай игі жаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.