№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҰЛТТЫҚ АСПАБЫМЫЗ – ДОМБЫРА ЖАСАУДЫ ДАМЫТЫП ЖАТҚАН КӘСІПКЕР

ҰЛТТЫҚ АСПАБЫМЫЗ – ДОМБЫРА ЖАСАУДЫ ДАМЫТЫП ЖАТҚАН КӘСІПКЕР

Бүгін аудандық партия филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы жастармен бірге «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Қосүйеңкі ауылдық округіндегі қазақтың ұлттық аспабы – Домбыра жасау кәсібімен айналысып жатқан кәсіпкердің жұмысымен танысты.
Жаңақорған ауданының кәсіпкері Оспанхан Маханбетұлы 2022 жылы музыкалық аспаптар, оның ішінде қазақтың ұлттық аспабы – Домбыра жасау цехын кеңейту мақсатында «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында 3 000 000 теңге жеңілдетілген несие алды.
Бір айда тапсырысқа байланысты 25-30 домбыра жасап шығарады. Тапсырыстардың басым бөлігі Қызылорда қаласы, Жаңақорған ауданы және Түркістан облысынан түседі. Қазіргі таңда 1 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкер Оспанхан Маханбетұлы кездесу барысында жастарға қазақтың ұлттық аспабы Домбыраның жасалу жолдарын таныстырды.
25 шілде 2024 ж. 762 0