№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Профессор – түнгі кітапханада

Профессор – түнгі кітапханада


Кітапхана – рухани қазынаның орталығы. Құндылыққа құмар жандардың құтты мекені. Жыл өткен сайын кітапхана өз оқырмандарымен түрлі іс-шараларды нығайтып келеді. Кітапханадағы биылғы жаңашылдық – түнгі режимде жұмыс істей бастады. Ауданымыздағы А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханаға жерлесіміз филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, фольклортанушы, ясауитанушы Болат Сағынбекұлы арнайы келіп, түнгі кітапхананың қонағы болып, оқырман ретінде тіркелді.


Профессор жерлесіміз өзінің 60 жас мерейтойына арнал­ған "Тұлға. Таным. Тағылым" атты кітабын құрдастарымен бірге кітапханамызға сыйға тартты. Төрт бөлімнен тұратын кітаптың бірінші бөлімінде – әлеуметтік желіде жарияланған материалдары, екінші бөлімде – республикалық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, үшінші бөлімде – еш жерде жарияланбаған мерейтой иесіне тікелей жолданған материалдар, ал төртінші бөлімде өзінің өмірі мен еңбектері туралы жазылған
Болат Сағынбекұлының өмір жолына қысқаша тоқтала кетсек, ол 1964 жылы 16 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданы, Таубай ата ауылында дүниеге келді. Ол бір жасқа толар-толмас кезде оның үй-іші Төменарықтың Алмалы ауылына көшіп келген. 1985-1990 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыды. Студент кезінде республикалық газет-журналдарға өлең топтамалары, мақалалары жарық көрді. Қазіргі әбден өркендеп дамыған Тәуелсіздік кезең айтысының қалыптасуына біршама үлес қосты. 1991 жылы Алматы қалалық атқару комитетінің жанынан ашылған Тіл үйрету орталығында оқытушы болды. 1991-1992 жылдары ҚРҰ ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде аға лаборант болып қызмет атқарды. 1992-1999 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Ғ.Ғұлам атындағы Гүлістан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1999-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында әуелі аға оқытушы, кейін доцент болды. 2008-2010 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімінің қазақ әдебиеті кафедрасында доцент, 2010-2025 жылдары "Сырдария" университетінің доценті, 2015-2019 жылға дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, 2019 жылдан қазірге дейін профессор міндетін атқаруда.
ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2017 жылдың 13 шілдесінде қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды. Осы кезге дейін 10 мемлекеттік ғылыми жобаға қатысты. 4 монографиясы, 3 оқу құралы, 250-ге жуық ғылыми мақалалары шықты. 4 ұжымдық монографияның телавторы. 3 ғылыми жинақ, 2 хрестоматия құрастырды. Ағылшын, орыс, түрік, татар, өзбек тілдерінде жарық көрген 20-ға жуық мақалалары бар.

Әсел РЗАЕВА

20 тамыз 2024 ж. 339 0