Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Түнгі кітапхана – СІЗГЕ қызмет етеді

«Түнгі кітапхана – СІЗГЕ қызмет етеді


Кітапхана – көзі ашық, көкірегі ояу әрбіріміздің дүниелік білімнің қазынасына сусындататын ғажайып руханият орталығы екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бірақ осы бір құтты қоныстың шарапатын әлеуметтің тиімді пайдалану жағына уақыттан шектеу қойылғандықтан көптің қолы толық жете бермей келгені рас.


Мәселен ауылдық жерлерде бес күндік жұмыс істейтін азаматтар таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін міндетті жұмысында болады. Әрі қарайғы уақытта кітапханаға келіп, кітап алып оқып, бір сәт сергіп қайту­ға мүмкіншілік жоқ. Өйткені кешкі жетіде кітапхана қызметкерлерінің де жұмыс күні тәмамдалады. Ал сенбі-жексенбіде болса да демалыс күндері болғандықтан кітапхана есігін құлып күзетеді.
Тығырықтан шығудың жолы бар ма? Бар. Бұл жөнінде аймақ басшысының арнайы тапсырмасымен облыс көлеміндегі кітапханалардың барлығында Түнгі кітапхана жұмыс істейтін болды. Яғни, жұмыстан кейін кітапханаға келіп, кітап, газет-журнал оқуыңызға мүмкіндік бар. Сағат тілі кешкі жетіден түнгі он екіні соққанша сіздің асықпай отырып, қалаған кітапты оқып, мерзімді басылымдарды ақтарып, күнделікті жаңалықтармен танысып шығуыңызға уақыт молынан жетеді.
Бұл туралы бізге сүйінші хабар­ды Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананаың директо­ры Әсемкүл Тілеубергенованың өзі жеткізді.
Осы дүйсенбіден бастау алған бастаманы көзбен көргіміз келіп кітапханаға бас сұқтық.
– Қазіргідей жаз мезгілінде үйде мектеп жасындағы балаларымыздың да қолы бос. Өзіміз ғана емес ұл-қызымызды да кітапханаға әкеліп, кітап оқытуға мүмкіндік туды, – дейді жас ана Гүлжазира Мырзаханқызы.

Баян Үсейінова

03 маусым 2024 ж. 203 0