№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Егде жастағы науқас онкологиялық аурумен сәтті күресуде

Егде жастағы науқас онкологиялық аурумен сәтті күресуде

Қатерлі ісік - жасына, жынысына немесеөмір салтынақарамастан кез келген адамдапайда болуымүмкін жасырын ауру.Статистикаға сүйенсек, аурушаңдықжағдайларының басым бөлігі 60 жастанасқан адамдар арасында кездеседі. Қызылорда облысындасүт безіобыры біріншіорында. Бұл аурумен облыстықонкологиялық орталықтың 71жастағы пациенті күресуде. Дәрігерлердің болжамдары жақсы.

Шиелі ауданы Бидайкөл ауылыныңтұрғыны Тәжігүл Балтабаева ауруханағакеудесіндегі үлкен ісікпентүсті. Ісікті азайту үшін науқасқа химиотерапия тағайындалды. Осыдан кейін ғанаонкологиялық орталықтың дәрігерлері сүтбезін алып тастау үшін ота жасады. Қазір Тәжігүлапа химиотерапиякурстарын жалғастыруда.
«Менде осы ауру бар екенін алғаш білгендеқатты қорқып кеттім. Туыстарым, дәрігерлер қолдау көрсетті. Жасыма қарамастан, отаны, химиотерапияны сәтті өттім. Тексеру, емдеу, дәрі– дәрмектер - мұның бәрі тегін.Егер өзқаражатымызбен сатып алсақ,бір зейнетақы да жетпейді. Медицина қызметкерлеріне жақсы ем үшін мың алғыс», - дейдіТәжігүл Балтабаева.
Облыстық онкологиялық орталықтың диспансерлікесебінде 5 703 пациент бар. Көбінесебастапқы, бірінші кезеңмен.Мамандардың айтуынша, ертесатысында ісігі барнауқастардың толық емделумүмкіндігі жоғары. Сондықтануақтылы скринингтен өтумаңызды. Тексерудің барлықтүрлерінен өту үшінпациенттің МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі болуы қажет.
«Химиотерапияда қымбат тұратын таргенттік, иммундық препараттарды қолданамыз. Олар қатерлі ісіктің 3 және 4 сатысыбар науқастардыңөмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Мысалы, бауыры мен сүйегіндегі метастаздарымен сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқас бар. Қазірболжам жақсы», - деп атап өтті облыстық онкологиялықорталықтың бөлімшесінің меңгерушісі МайяАқбарова.
 Биыл
облыстық онкологиялық орталыққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 4,7млрд теңгебөлінді.
15 тамыз 2024 ж. 158 0