№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 26 жыл асқазансыз. Қызылордалық онкологиялық аурумен қалай өмір сүреді және МӘМС аясында тегін ем алады

26 жыл асқазансыз. Қызылордалық онкологиялық аурумен қалай өмір сүреді және МӘМС аясында тегін ем алады


1998 жылы Қызылорда қаласының тұрғыны Римма Кимнің асқазанын толық алып тастады. Кәмелетке толмаған үш баланың анасында қатерлі ісік ерте сатысында анықталды. Дер кезінде емделіп, қайсарлығы мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында бұл дертке шалдыққан науқас отыз жылға жуық өмір сүруде. Биыл Римма Ким 70 жасқа толады.

«Басында үлкен жараның салдарынан асқазанның жартысынан көбі алынып тасталды. 2 жылдан кейін ісік анықталды. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ның дәрігерлері бүкіл асқазанды алып тастауға мәжбүр болды. Асқорыту мүшесінің қызметін ішек қапшығы орындайды. Ауыр оңалту кезеңінен, химиотерапия курстарынан өттім. Облыстық онкологиялық орталықта жылына екі рет ем аламын. МӘМС жүйесінің арқасында дәрі-дәрмектер қолжетімді, МРТ, КТ, ФГДС және т.б. тегін өтемін. 90-шы жылдары мұның бәрі ақылы болды», —дейді Римма Ким.
Римма әр науқастың өмірі үшін күресетін облыстық онкологиялық орталықтың мамандарына алғыс білдіреді. Қатерлі ісік - бұл үкім емес, дейді дәрігерлер. Бөлім меңгерушісі Болат Қашақовтың айтуынша, диспансерлік есепте 5 525 пациент бар, оның 2 796-сы 5 жылдан астам өмір сүруде.
«Онкологиялық аурудың ағымы оның сатысына, науқастың эмоционалды жағдайына, оны қалай емдеуіне байланысты болады. Қазір медицинада хирургиялық емдеу, сәулелік терапия, химиотерапия, иммунопрепараттардың үлкен арсеналы бар. Мұның бәрі науқастың өмірін ұзартады. Бірақ, ең алдымен, уақтылы скринингтен өту керек. Қәтерлі ісікке шалдығу қаупі бар болса, МӘМС аясында диагностикалық тексерулер мен емдеу халықтың барлық топтарына қолжетімді. Денсаулығыңызды сақтаңыз!»,- деп атап өтті Болат Қашақов.
Биыл облыстық онкологиялық орталыққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 4,7 млрд теңге бөлінді.
04 сәуір 2024 ж. 456 1

Sylvester от 11 маусым 2025 01:18
Really all kinds of useful information. casino en ligne Whoa quite a lot of amazing data! casino en ligne France Kudos! I like this! casino en ligne France Truly a good deal of excellent advice. casino en ligne Beneficial material, Thanks a lot. casino en ligne fiable Thank you, Loads of content. casino en ligne Excellent stuff, Regards! casino en ligne Position clearly taken!! casino en ligne France Wow plenty of valuable advice! casino en ligne fiable Incredible lots of beneficial data! casino en ligne