№74 (8785) 17

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (8784) 14

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (8783) 10

10 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жастар - болашақтың бастауы

Жастар - болашақтың бастауы


Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағамдайтын ел жастардың санасының биік, көкірегінің ояу болуын басты назарға алады. Осыны ескерген жаңақорғандық жігерлі жастар да «12-тамыз Халықаралық жастар» күніне орай «Жастармен бірге!» онкүндігін атап өтіп, шараны «Prime park» саябағында қортындылады.


– Облыс әкімінің орынбасары Шах­мар­дан Баймановтың жастар күніне орай бекітіл­ген іс-шара жоспарына сәйкес, аудандық жастар ресурстық орталығы Халықара­лық жастар күні аясында түрлі іс-шара ұйымдастырды. Жоспарға сай алғашқы күні «Жастармен бірге» ұлттық он күндігі­не арналған брифинг ұйымдастырылып, әлеуметтік желі парақшаларында тікелей көрсетілді. Жастар мерекесінің алғаш­қы күндері «Таза Қазақстан» акциясына басымдық бере отырып, экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азамат­тық жауапкершілігін арттыру мақсатында тазалық күнін өткізіп, аудан көшелеріне тазаладық. Сондай-ақ волонтерлар аудан орталығы мен халық көп шоғырланған аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жүр­гізіп, үнпарақ­тар тараттық, – дейді аудандық жас­тар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасарұлы.
Оның айтуынша, жастар ресурстық орталығының мамандары мен ерікті жастар бірігіп Қазақстанның жалпыұлт­тық қасиетті нысандар тізіміне енген Төлегетай-Қылышты ата кешеніне таза­лық жұмыстарын жүргізген. Шараға ерікті жастар белсене қатысып, тазалық барысында тарихқа бір шолу жасалып, бабалар рухына құрмет көрсетті.
Одан әрі «Қарттарға көмек – жастарға міндет» тақырыбында «Жасыл ел» еңбек жасағы мен ерікті жастар аудандағы жалғызбасты Абдуллаева Жангүл әжейдің үйіне барып, ауласын тазалап, қарияның батасын алды.
Іс-шара жоспарына сәйкес 4-тамыз күні Қазақстандық ынталандырушы және көркем фильмдерді, оның ішінде жас режиссерлер түсірген фильмдерді көрсе­ту мақсатында «Aspan Cinema» шарасы ұйымдастырылып, кинокөрсетілімде отан­дық «Қызыл диплом» фильмі және «ZERO» фильмдері көрермендерге ұсынылды. Көрермендер шара соңында фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.
– Аудан жастарының ұйымдастыруы­мен өткен кино қойылымы керемет идея екен. Жастар бос уақытын тиімді өткізіп, осындай тәрбиелік мәні бар фильм қарағаны қан­дай жақсы. Тек шара аясында ғана емес, алдағы уақытта да осы орталықтан жиі-жиі фильмдер көрсетіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді кент тұрғыны Айжан Камалова.

Бар білімнің бастауы – кітапта екенін ескер­ген жастар 6-тамыз күні Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапханада «Ой-Дода» интеллектуалды сайысын ұйымдастырып, «Кі­тап сыйла», «Түнгі кітапхана» акцияларын өткізді. Акция­ның негізгі мақсаты жастарды смартфонның арбауынан алыстатып, кітап оқуға шақыру еді.
Шара одан әрі «Игі істер марафонына» ұласып, «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында орналасқан «Қамқор» әлеуметтік дүкенінің жұмысы халыққа таныстырылып, бір күндік жұмыс барысынан бейнесюжет түсірілді. Сондай-ақ «Мейірімді жүрекпен» тақырыбын­да қайырымдылық акциясы аясында «Жаңар­ған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының еріктілерімен бірге тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік үлестірілді.
Сонымен қатар «Қазақстан жастары» тақы­рыбында еңбек адамы – «ДДА» бетонзауыты­ның негізін қалаушы – Данияр Досантаевпен жастардың өндіріс орнындағы кездесуі өтті. Кездесу барысында жас кәсіпкер жастарға түрлі бағытта пайдалы ақпараттар беріп, кәсіптегі озық тәжірибелерімен бөлісті. Одан әрі 9-тамыз күні «Prime park» саябағынада «Мүмкіндіктер алаңы» жәрменкесі ұйымдастырылып, түрлі сала мамандарының қатысуымен жұмыссыздық мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық кеңестер, кәсіби бағдарлар берілді. Шарада спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жастар дипломдармен, медальдармен марапатталды.
Ал 10 тамыз – ұлт руханиятының те­мір­қазығы, Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Жастар ресурстық орталығы қызметкерле­рінің бастамасымен барлық кент, ауылдық округ жастарына Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан челлендж ұйымдастырылып, жолдан­ды. Челленджге қатысқан барша жастардың бейнероликтері әлеуметтік желі парақшаларына салынды.
Іс-шара жоспарына сәйкес, 11-тамыз күні «Жаңақорған жастары ВАНДАЛИЗМГЕ қарсы!» және «Лудомания құрдымға апарар жолдан сақ бол» тақырыптарында видеороликтер түсіріліп әлеуметтік желіге жарияланды.
«Жастармен бірге!» онкүндігі 12 тамыз – Халықаралық жастар күні мерекесінде қортындыланып, аудандық жастар ресурстық орталығы және «AMANAT» партиясының ұй­ымдастыруымен, аудан кәсіпкерлерінің қол­дауымен «Prime park» саябағында «OPEN AIR» форматында өтті. Салтанатты шарада аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, жастар арасында Азизхан Аюпов және Бека Туркестан атымен танымал блогерлер шоу-концерттік бағдарламасын ұсынды. Соңында онкүндікте белсенділік танытқан жас кәсіпкерлер мен аудан жастарына аудан әкімі мен «Аманат» партиясының «Алғыс хаты» табысталды.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
13 тамыз 2024 ж. 213 0