№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Баспана жұрт игілігіне жарап тұр ма?

Баспана жұрт игілігіне жарап тұр ма?


Әрбір қазақтың «бас ауруына» айналған баспана мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Жиренше шешен айтпақшы, әркімнің «өз үйі, өлең төсегі» әлеумет жағдайының, қоғамдағы рөлінің, материалдық-қаржылық ахуалының да белгісі, айнасы. Осы мақсатта елімізде халықты баспанамен қамту мақсатында түрлі бағдарламалар жүзеге асып келеді. Мұнан бөлек үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамту өз ауданымызда қарқынды жүргізілуде.
Өткен жылы Жаңақорған ауданының 95 жылдығы аясында кезекте тұрған 50 отбасыға 50 баспананың кілті табысталып, тұрғындар шаттыққа кенелген еді. Енді осы азаматтар арада бір жылға жуық уақыт өтсе де тұрғын үйдің құжаты қолына тимегеніне, үйлерге көгілдір отын кіргізілмей тұрғанына, судың белгілі бір сағатпен ғана берілетініне наразы. Кенттің МАИ бекеті тұсына қоныс тепкен осы үйлердің жайын білмекке, арнайы барып, сөйлескен едік. Сонда, Майнұр есімді апайымыз былай деді.
– Жаңа үйге кіргенше асыққанымыз рас. Бірақ ішіне жылу кірмегендіктен тоққа қосып жылытып берді. Ол өте салқын, қыс бойы бала-шағамызбен бүрсеңдеп шыққан жайымыз бар. Суық үйдің қабырғалары құзданып кетті. Тиісті мекемелерге барсақ барлығы да жақын күндері шешіледі деп арқамыздан қағып шығарып салады. Әлі құжаты да дайын емес. Қолымызға құжатымызды беріп, жылу кіргізсе деген тілегіміз бар, – дейді ол.
Иа, баспана кезегінде ұзақ жыл тұрып, зарығып жүріп әрең қолы жеткен баспананың сапасыз салынғанына нала болып жүргендер аз емес екен. Үй құрылысын жауапкершілікке алған кәсіпкер азаматтарымыздың бірі Данияр Асайынұлымен хабарласып, мән-жайды білген едік.
– Ия, өткен жылы бұл жұмысты еншіге алған үш кәсіпкердің екеуі өзге өңірдікі. Құрылыс жұмысын мерзімінен бұрын, әрі сапалы жүргізуге аянбай еңбек еттік. Әрине жауапкершілік жүгі ауыр, қаншама тұрғын тілеулес болды. Үйлер өте сапалы, соңғы үлгідегі құрылыс заттарымен жабдықталды. Өзімнің салған 14 баспананың иелерінен ешқандай шағым түскен жоқ. Нақтылап айтсам, бір үйге 9 200 000 теңге қаражат бөлінді. Жеке тұрғындар бұл көлемдегі қаржыға ондай баспана сала алмас еді. Барлық жағдайы жасалған, енді ары қарай тұрғындар да қарап отырмауы керек қой, – дейді кәсіпкер халық қалаулысы Данияр Досантаев.
Расында, 50 тұрғын үйдің сапасы бірдей емес. Даниярдың жеке басына шағым жоқтығы да қуантты. Бұл үйдің тұрғындары үйдің құжатын әзірлеп, қолымызға тезірек ұстатса дейді. Бұл турасында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Сүлейменов не дейді?
– Біздің міндетіміз атаулы тұрғын үйге жарық, жылу, ауыз су жеткізіп беру болатын. Жарықты күні бұрын жеткізіп қойдық. Рас, өткен жылы газ болмады. Есесіне электр жарығы арқылы тұрғындарға жылу берілді. Ауыз су мәселесіне келсек, қазірде бүкіл кент бойынша су тапшы болып уақытпен берілуде. Неге? Өйткені, жаз айында тұрғындар суды екі еселеп пайдаланады, рұқсат етілмегеніне қарамастан есікалды егісін суарады. Жасанды бассейндерді суға толтырып қоюға дағдыланған. Мұның барлығы күз маусымына дейін қалыпқа келеді. Тұрғындар бұған түсіністікпен қарау керек. Су жетпей қалып жатса арнайы су таситын көлік жіберіп, барынша жұмыс жасап жатырмыз. Газ тұрбалары үйлерінің іргесіне дейін жеткізілген. Ары қарай кент әкімдігіне тиесілі. Біз өзімізге тиесілі жұмысты жасадық, – дейді ол.
Қазақта «үйі жоқтың күйі жоқ» дейді. Баспанаға жете алмай, жалдамалы үйді жағалап, қиналып жүргендер баспанаға қолы жеткеніне шүкіршілік етіп, ары қарай ыстықауметін жасауға тырысуы керек-ақ еді. Оны қанағат тұтпай қайткенде үйді өз атыма меншіктеп алам деп жар құлағы жастыққа тимей жүргендердің көздегені не? Кент әкімінің орынбасары Жасұлан Бейсенбековтен мән-жайды білген едік.
– Бұл жерде заң бойынша тұрғындар үйді жекеге шығара алмайды. Яғни, тұрғындар құжаттық келісім бойынша өмір бойына сол үйде тұра алады. Осы құжатқа байланысты тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар түсіп жатыр. Бұл жайында облыстық мәслихат депутаттары үкіметке хат жолдап, заңға өзгеріс енгізуді сұрады. Алдағы уақытта шешіледі деген үміттеміз. Бірақ, біз тұрғындардың қолына келісім құжатын рәсімдеп бердік, айына 8600 теңгеден төлеп тұрады. Ал, газ алдағы жылыту маусымына дейін беріледі, – дейді.
Қорыта келе, Аллаға шүкір айту кез келген иісі мұсылман адамға міндет болған амал екенін айтқымыз келеді. Жүсіп Баласағұни «Шүкіршілік қылғанға шыр бітер» дегенді текке айтылмаса керек. Ата-бабаларымыз «қиындық келсе сабыр етеміз, жақсылық келсе шүкір етеміз» деп бағамдаған. Демек, сабырды санамызға сіңіріп, осы берілген ризық-несібеге шүкір ете білсек дейміз. Мәселелер де рет-ретімен шешіліп келеді.

Әсел РЗАЕВА

04 тамыз 2024 ж. 568 0