№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Құтхана құтты қоныс болсын!

Құтхана құтты қоныс болсын!


Жаңақорған ауданының 95 жылдығы аясында тұрғындарға тағы бір тарту жасалды. Кезекте тұрған 50 отбасыға 50 баспананың кілті табысталып, шаттыққа кенелген күн болды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған қонақтар салтанатты шараға келіп, қуанышты сәттің ортасында болды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Хал­қына Жолдауында халықтың тұрғын үйге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесін кешендi түрде шешу мақ­сатында «Қуатты өңірлер – ел да­му­ының драйвері» атты Ұлттық жоба қабылданған болатын. Жоба аясында облыс көлемінде жоғарғы қарқынмен бой көтеріп жатқан жеке тұрғын үй ғимараттары мемлекет қаржысына сатылып алынып, тұрғын үйге мұқтаж көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілуде.
– Тұрғын үй салу жобасы облыста қар­қынды жүргізілуде. Биыл Жаңақорған ауданына 50 баспана құрылысына 500 млн-ға жуық қаржы бөлдік. Мұндай бастама басқа да аудандарда жүзеге асуда. Мәселен, Арал ауданында 100 үй, Шиеліде 80 үй және қалған аудандарда 50 үйден салып жатырмыз. Биыл бұл жобаны сәтті бастап, толық аяқтауға дайынбыз. Жыл соңына дейін барлығы 3 мың тұрғын қоныс тойын тойлайтын болады. Қаланың өзінде 2 мыңға жуық тұрғынға, қалған аудандарда ипотекалық бағытта берілуде. Бұл құрылыс келесі жылы да жалғасын табатын болады. Осы жұмыстарға барлығы 31 млрд 400 млн теңге қаражат қаралды. Енді кәсіпкерлер тек сапалы жұмыс жасауға ниет білдірсе, бізден әрқашан қолдау болады. Бүгінгі қоныс той иелерін құттықтаймын. Әрбір шаңырақта тек қызықшылық болсын, әр үйден елдің ертеңін ойлайтын азаматтар шыға берсін, – деп аймақ басшысы құттықтауын жеткізді.
Әрі осы тұрғын үйдің сапалы салынуына тер төккен еңбеккерлерге өңір басшысының «Алғыс хаты» та­бысталды. Жеке кәсіпкер, әлеуметтік осал топтағы отбасыларына 20 тұрғын үй салып, пайдалануға берген Жасұ­лан Тілепбайұлы, 16 тұрғын үй сал­ған Ерсейіт Оралсейітұлы, жеке кәсіп иесі, 14 үй салып, ел игілігіне берген Данияр Асайынұлы және жеке кәсіпкер Әнуар Болатбекұлы аймақ басшысының алғысына бөленді.
– Құрылыс жұмысын мерзімінен бұ­рын, әрі сапалы жүргізуге барынша еңбек еттік. Әрине жауапкершілік жүгі ауыр, қаншама тұрғын тілеулес болды. Үйлер өте сапалы, соңғы үлгідегі құрылыс заттарымен жабдықталды. Жоспардан да жоғары болуына әр кәсіп иесі жұмыла кірісті. Жаңа баспананың иелеріне құт­ты болсын айтамыз. Шаңырақтары тек шаттыққа, қуанышқа толы болсын. Ең бастысы, Алла берекесін берсін, – деп, халық қалаулысы, әрі жастар жанашыры Данияр Досантаев ізгі ілтипатын білдірді.
Одан кейін тілек жалғаған Жала­ғаш, Жаңақорған ауданының «Құрмет­ті азаматы», «Құрмет» орденінің иеге­рі Нұрлыбек Қалжатайұлы ауданда әкім қызметінде болған жылдардан есті естеліктерімен бөлісіп, қуаныш иелеріне арнайы лебізін білдірді. Мұнан соң Жаңақорған ауданының «Құрмет­ті азаматы, еңбек ардагері Мұзарап Махмутов ағамыз батасын беріп, ха­лық атынан басшылыққа алғысын айт­ты. Соңынан баспана иелеріне салтанатты түрде кілт табыстау рәсімінің куәсі болдық. Алты отбасы сахна төріне көтеріліп жаңа құтханаларының кілтін алды.
Аймақ басшысы бастаған қонақтар Оңдас ағамыздың үйіне аялдап, құт­ты болсын айтып шықты. «Біз бұл баспаналарды нағыз мұқтаж жандарға, қолжетімді бағада беруге уәделестік. Міне, бастаған ісіміз оңынан болу­да. Үміттеріңіз ақталып, қаншама жыл­дан бері арман еткен баспанаға қол жеткіздіңіздер. Енді осы үйден өнегелі, талабы таудай презенттер өсе берсін. Құтты қоныс болсын» деп Нұрлыбек Машбекұлы үйдің иесіне жаңа теледидар табыстады.
– Шыны керек, қуанышымызда шек жоқ. Үй кезегіне тіркелгенде жаңа баспана қашан бұйырады деген тілекпен жүрдік. Үмітіміз үзілмеді, қаншама жылдан бері ақыры осы бір күнге қол жеткіздік. Облыс әкіміне, кәсіпкерлерге барша атсалысқан аза­маттарға отбасымыздың атынан алғыс айтамын. Біз секілді баспана кезегінде жүрген жандарға жаңа үй бұйыр­сын деген тілегім бар, – деп Оңдас Рзаев ризашылығын жеткізді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
24 қазан 2023 ж. 228 0