№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көшпенділер атқа қонады

Көшпенділер атқа қонады


Қазір әлем жұрты көз тіккен Олимпиада ойындары өтуде. Бір айға жуық жаһан спортшылары жүлде жолында барын салады. Әзірге қазақ спортшылары жақсы нәтиже көрсетуде. Ал қыркүйек айында қазақ елін тағы бір дүбірлі дода күтіп тұр. Ол – көшпенділер ойыны. Әрине, Олимпиада ойынындай танымал болмаса да, көшпенді салтты ұстанған мемлекеттер үшін басты спорт мерекесінің бірі – көшпенділер ойыны. 2014 жылы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында бастау алған байрақты бәсекені 2022 жылы Түркияның Изник шаһары қабылдады. Ендігі кезек – Астанада. Бұған дейін Қырғыз елі Ыстықкөлдің жағалауында, Түркия Изник көлінің жағасында кең далада өткізіп, табиғаты әсем жерлерін насихаттап, туристік әлеуетін дәріптеді.
Бұл жолғы көшпенділер ойыны Олимпиада қозғалысы сынды бір қалада өтіп, жаңа форматқа көшіп, жаңа деңгейге көтеріледі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, 8-14 қыркүйекте «Астана Аренада» жарыстың ашылу және жабылу салтанатын тамашалаймыз. Ойынның негізгі бөлігі «Қазанат» ипподромы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Астана Аренада» өтеді. «Думан» қонақүйінің конференц-залында тоғызқұмалақ сынды ойындар ұйымдастырылады.
– Жарысқа келетін қонақтарда Көкшетаудың, Бурабайдың табиғатын тамашалау мүмкіндігі болады. Одан бөлек, Ұлы дала жорығын жарысқа қосып отырмыз. Астанадан 400 шақырым қашықтықта орналасқан Ботай қонысын насихаттаймыз. Өздеріңіз білетіндей, Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны алғаш қолға үйретті. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденді, – дейді
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов. Көшпенділер ойынының бағдарламасына 21 спорт түрі енді. Оның 10-ы – түркі халықтарына ортақ ресми бекітілген ойындар. Өзгесі – өзара ұқсас ұлттық ойындар мен әр елдің өзінде ғана бар спорт түрі. Мысалы, күрестің бес түрі: қазақ күресі, өзбектің курашы, қырғыздың алышы, түріктің аба күресі, корейдің ұлттық күресі бар.
Ендігі кезек – Астанада. Бұған дейін Қырғыз елі Ыстықкөлдің жағалауында, Түркия Изник көлінің жағасында кең далада өткізіп, табиғаты әсем жерлерін насихаттап, туристік әлеуетін дәріптеді. Сергек Беттің бапкері Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ ойындардан тоғызқұмалақ, түріктің мангаласы, Африка елінің вари ұлттық ойынынан спортшылар сынға түседі. Сыр өңірінен саңлақтар бар ма? Жалпы ат спортынан ел бойынша үздік үштікте Сыр елінің шабандоздары келеді. 15 жылдан астам уақыт аймақ абыройын асырып жүрген жігіттердің талайы тұғырдың биігінен көрінгенін көрдік. Сол аға буынның ізін жалғап келе жатқан жастардан да күтеріміз көп. Сондықтан Елорда төрінде өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтындар арасында жаңақорғандықтардың болмауы мүмкін емес. Жаңақорған демекші, облыс құрамасының 100 пайызы біздің ауданның балуандары. Сламхан Боранбаев баптайтын білекті оғландар 15 жыл Сыр спортының жалауын биікке көтеріп келеді. Сәтін салып бас бапкермен тілдесіп, көшпенділер ойынын сөз еттік.
– Тамыз айының 8-не дейін ел бойынша іріктеу кезеңі өтуде. Кіл мықтылардың ішінен ертеңгі бәйгеге қосатын тұлпарларды таңдап алуда. Біздің ауданнан да жастарымыз сол топтың ішінде бар. Жамбы атудан Өміртай Ғалымжан, Әли Мұқағали және Пернебек Ағаділ қазір іріктеу сынында жүр. 15 мергеннің ішінен тек 4 қатысушы алынады. Біздің жігіттер ілініп, ел мерейін үстем етсе дейміз. Сол секілді көкпардан төрт бірдей шабандозымыз – Нұрлыбек Асқаров, Ақайдар Дәулет, Медетбек Балғынбек және Ташжан Ақжан іріктеуден етуде. Негізінен көкпардан ұлттық құрама сапында 24 спортшы болады. Оның 12-ікөкпардан, қалған 12-і көкбөріден. Көкбөрі қазандыққа ойнаса, көкпар шеңберге салым салудан тұрады. Қалай десек те, жігіттерге үлкен үміт артып отырмыз, – деді Сламхан бапкер.
Иә, біздің жігіттер де ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге әбден лайықты. Одан бөлек, аударыспақтан жасөспірімдер Қостанайдағы ел біріншілігіне, жамбы атудан ересектер мен жастар чемпионатқа дайындалуда. Теңге ілуден Асанбай Асқаров атындағы халықаралық бәсекеде бағын сынайды.
Міне, аудан білекті балуандарының сара жолы осылай жалғасын тауып келеді. Жалпы, дүниежүзілік көшпелілер ойындарында 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны – 581. Медальда спорт, мәдениет, ғылым салаларын қамтитын негізгі 3 символ бедерленген. Осының барлығын Қазақстан халқының бірлігін сипаттайтын шаңырақ көмкеріп тұр. Медальдің ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі – ат үстіндегі Күн басты адамның таңбасы бар. Айта кететіні, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына билеттерді әлемнің 140 елінде сатып алуға болады. Алайда, оларды қазақстандық «Jańa Dala / Green Day 2024» алаңында да ұтып алуға болады, онда Ойын ұйымдастырушылар өз павильондарын қойып, конкурстық ойын жарыстарын өткізеді. Біз тек спортшылардан жеңіс күтеміз.

Әлібек ТЕМІРБЕК

30 шілде 2024 ж. 464 0