Жедел желі

– Азаматтар бөгденің құжаттарын тауып алған жағдайда жергілікті жердегі “Стол находокқа” әкеп тапсыруы қажет. Ондай орын жоқ болған жағдайда полиция бөлімшесіне хабарласып, деректерді ұсынғаны жөн. Тауып алған құжаттарды иесіне тезірек табыстауға ұмтылған ізгі ниетіңіз дұрыс, осындай оймен телефонға салып ақпараттандыруды көздеген боларсыз. Дегенмен мұндай жағдайда екінші түйткіл – азаматтың жеке басы құжаттарын жалпыға жария етіп, оның ішінде алаяқтыққа бейім тұлғаларға жағдай жасап беруіміз әбден мүмкін. ЖСН, банк карталары нөмірі, қызметтік куәлігі суретімен, жалпы тұлға туралы жеке деректер базасының кең көлемде таралуы оның егесінің құқына қол суғумен бірдей. Сондықтан оны жалпыға жариялауға болмайды. Жергілікті баспасөзге, басқа да әлеуметтік жарнама көздеріне хабарландыру берілген жағдайда да мүлік егесінің тек қана аты-жөні көрсетілуі керек.