№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 24 мың өтініш: Халықты алдаған 600-ден астам компания жазаланды

24 мың өтініш: Халықты алдаған 600-ден астам компания жазаланды

Фото:Ulysmedia.kz
Адал емес компаниялардан зардап шеккен қазақстандықтардың өтініштері негізінде тексерулер саны алты есеге артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сауда және интеграция министрлігі 2024 жылдың алты айының қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Баяндамада тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше тоқталды.
ШАҒЫМ 60%-ҒА ӨСКЕН
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері зардап шеккен қазақстандықтардың өтініштері негізінде 6 есе көп тексеру жүргізді. Бірінші жартыжылдықта 24 441 өтініш қаралды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 60% артық. Түскен өтініштер негізінде мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
600-ГЕ ЖУЫҚ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Осылайша, кәсіпкерлік субъектілеріне 570 тексеріс жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 620% құрады.
"Әкімшілік жауапкершілікке 648 субъект тартылды. Бұл өткен жылдан 4 есе көп. Қабылданған шаралар нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары 777 млн теңгеден астам сомаға қорғалды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 189% құрады", - деп нақтылады министрлікте.ТАУАР ТУРАЛЫ ҚАЗАҚША МӘТІН ЖАЗБАҒАН, ҚҰРАМЫ СӘЙКЕС КЕЛМЕГЕН
Сондай-ақ, сүт, кілегей, айран, сары май, күнбағыс майы, сүзбе, ірімшік, құс еті, балық еті және шұжық өнімдерін қоса алғанда, 681 өнім түрін зерттеу туралы хабарланды."405 түрі бойынша (59,5%) бұзушылықтар анықталды. Өнімнің 337 түрі бойынша таңбалау бөлігінде бұзушылықтар анықталды (тауар туралы ақпараттың мемлекеттік тілде болмауы және басқа да бұзушылықтар), бұл бұзушылықтардың жалпы санының 83,2% құрайды. Өнімнің 68 түрі бойынша құрамның сәйкес келмеуі, жарамдылық мерзімі өткен тауарды сату, қажетті құжаттардың болмауы анықталды", - деді министрлік өкілдері.
Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында, Жетісу мен Ұлытауда 12 түрлі өнім бойынша сәйкестік декларациялары жойылды және тоқтатылды.
28 шілде 2024 ж. 712 0