"Балаларды судан қорғаңыздар!" апталық акциясы басталды
25 шілде – Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні. Аталмыш күн аясында елімізде «Балаларды судан қорғаңыздар!» апталық акциясы басталды. Акция барысында өңірде рейдтер жүргізіліп, профилактикалық іс-шаралар күшейтілуде.
Облыста жыл басынан 16 адам суға кеткен. Оның 10-ы бала. Ал, суға шомылу маусымында 4 бала қаза болған. «Балаларды судан қорғаңыздар!» акциясында облыстық ТЖД мамандарымен бірлесіп су айдындарында кезекті рейд ұйымдастырылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері көпшілікке түсіндірме жұмысын жүргізіп, су айдыны маңында құқық бұзушылық жасағандарға әкімшілік шара көрді. Бүгінге дейін облыста белгіленбеген су айдындарына шомылған 34 адамға әкімшілік шара көрілген.
БҰҰ ұйымының мәліметі бойынша әлемде жыл сайын 236 600 адам суға батып қайтыс болады. Суға бату салдарынан болатын өлімнің 90 пайызы өзендер мен көлдерде орын алған. Ал, елімізде соңғы 10 жылда 2 240 адам суға кетіп қаза тапса, оның 701-і бала. Биыл да суға шомылу маусымы басталғаннан бері 93 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кеткен. Кәмелетке толмағандардың қаза болу фактілері Атырау, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Абай облыстарында жиі тіркелген. «Балаларды судан қорғаңыздар!» апталық акциясы барысында ұйымдастырылған рейдтік жұмыстардың басты мақсаты – кәмелетке толмаған азаматтарды жазатайым оқиғалардан сақтап, олардың қаза болуына жол бермеу.
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі