№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Екпенің маңыздылығы!

Екпенің маңыздылығы!

Екпе(Вакцина) микроорганизмдерден (бактерия, вирус,т.б.)  алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Екпені, барлық техникалық ережелерді білетін, жоғары және орта медициналық білімі бар, арнайы оқытылған медициналық қызметкер енгізеді. Екпенің дұрыс сақталуы бақыланады. Ал профилактикалық егуді ұйымдастыру және мамандарды даярлаумен медициналық ұйымдардың басшылары айналысады.
Екпенің жоспарлы және профилактикалық мақсатта салынатын түрлері бар. ҚР Үкіметінің «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қаулысы негізінде Ұлттық егу күнтізбесі бекітілген.
Осы Ұлттық күнтізбеге сәйкес, сәби туылғаннан бастап өмір бойына жоспарлы екпе салынады. Перзентханада дүниеге келгеннен 12 сағат ішінде вирусты гепатит В ауруына қарсы, одан соң 3-4 күн ішінде туберкулезге қарсы екпе салынады. Одан әрі Ұлттық күнтізбеге сәйкес, 2, 3, 4 айлығында, 1 жасында, 18 айында және 6 жасында, содан кейін 16 жасында және әр 10 жыл сайын екпе салынып отырады.
Әр бір екпенің салынатын өз уақыты, интервалы бар. Мәселен, баланың 2, 4 айлығында – гексаксим екпесі салынады, яғни құрамында 6 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцина бар. Бұлар көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, вирустық В гепатитіне, гемофильдік инфекцияға қарсы және әлсіздендірілген полиомиелитке қарсы вакцина.
Сонымен қоса пневмококк инфекциясына қарсы вакцина егіледі. 3 айында және 18 айында пентаксим вакцинасы салынады. Оның ішінде көкжөтелге, дифтерия, сіреспе, гемофильді инфекция және әлсіздендірілген полиомиелитке (сал ауруы) қарсы вакцина бар.
1 жасында – қызылша, қызамық, паротитке қарсы (шошқа мойын), пневмококк инфекциясына қарсы және полиомиелитке қарсы вакцина алады. 6 жасында (мектепке барарда) - қызылша, қызамық, паротитке қарсы туберкулезге қарсы және жасушасыз көкжөтел компонентімен көкжөтелге, сіреспе, дифтерияға қарсы екпелерді алады. 16 жаста және әр 10 жыл сайын – дифтерияға, сіреспеге қарсы екпені алады.       Он жыл сайынғы екпе туралы тұрғындарға хабар беріліп тұрады. Оларды жасы келгенде екпе алу үшін учаскелік дәрігерлер емханаға шақырады. Жоспарлы егудің басым бөлігі бала кезде жүргізіледі.
Екпе не үшін керек? Мәселен, иммундаудың арқасында бұрын он мыңдаған бала мен ересектің денсаулығына орны толмас зардап келтірген, тіпті өлімге әкелген кейбір аурулар (табиғи шешек, полиомиелит) толығымен жойылды.
Полиомиелит балалардың сал болып қалу қаупін тудырған болса, шешек адамдардың бет пішінін бұзды, кейде адамдардан шешектен көз жұмып жатты. Сондай-ақ екпе дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамықтың асқынуының (ентігу, тұншығу, пневмония, қызамықпен ауырған анадан туылған баланың туа пайда болған кемтарлығы және т.б.) алдын алуға мүмкіндік берді.
Соның арқасында адамдар жұқпалы аурудың қаншалықты ауыр дәрежеде өтетінін ұмытты. Оған қоса, сатылы егудің арқасында гепатиттің «А» және «В» вирусты түрлері азайып отыр.
 «А» вирусты гепатит ауруына қарсы, грипке қарсы екпелер жоспардан тыс салынады. Бұдан басқа жыл сайын обаға қарсы екпе салынды. Кәріз жүйесінің айналасында қызмет ететін мамандар 3 жыл сайын іш сүзегі ауруына қарсы екпе егіледі.
«А» гепатитініңвакцинасы 2 жастажәне 2 жас 6 айдасалынады. Соныменқатарқандай да бір инфекция бас көтерсе, сол ауру тіркелгеношақташұғылтүрдеқарым-қатынастаболғанадамдарғаекпежүргізіледі.
Халыққа Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес және профилактикалық алдын алу мақсатында аталған жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы егу ақысыз жүргізіледі.
Бұйрық бойынша профилактикалық егу жүргізудің алдында дәрігерегілетін адамды медициналық тексеріп (дене температурасын өлшейді, өкпесін тыңдайды, қанқысымын өлшейді, тамағын қарайды) қарап, сұрау жүргізеді.
Егілетін адамның медициналық картасын аталдау жасалады. Медициналық тексеру кезінде денсаулығында ақау анықталған жағдайда толық медициналық тексеруге жіберіледі.
Тексеруде екпені салуға қарсы көрсетілім болмаса, егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдеп, егілетін адамға немесе оның ата-анасына (заңды өкіліне) профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егуден бас тарту салдары туралы объективті толық ақпарат беріледі.
Осы бұйрық бойынша профилактикалық егуге ерікті келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді. Екпе салынған адам 30 минут бойы медицина қызметкерінің бақылауында болуы тиіс.

Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ш.Айдарова
19 шілде 2024 ж. 251 0