№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС-тің арқасында жеке клиникаларда медициналық қызметтер қолжетімді

МӘМС-тің арқасында жеке клиникаларда медициналық қызметтер қолжетімді

Фото: tengrinews.kz
 
Kyzylorda-news.kz  Жүрек, ми, жұлын аурулары қазақстандықтар арасында жиі кездеседі. Сондықтан аталған дерт түрлерін емдеуге жеке клиникаларда да жіті көңіл бөлінеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында пациенттер клиникаларда диагностикалық тексеруден, дәрі-дәрмекпен және физиоемдеуден өте алады.
Қызылорда қаласының тұрғыны Мағрипа Сматова «Жуас» клиникасында ем алып жүр. Егде жастағы пациентке артрит, артроз, жарық (грыжа) диагноздары қойылған. Мағрипа апаның айтуынша, ауруханаға жатқызу порталының жолдамасымен ол қазір клиникада ешқандай кедергісіз және уақытылы ем алуда.
«Бұрын да осында қаралғанмын. Оң нәтиже байқадым. Күш түскенде және қозғалғанда буын-буыным сырқырайтын. Қазір еркін қозғалатын болдым. Сондықтан қайтадан «Жуасқа» келдім. Денсаулығыңды күткен, ауруды асқындырып алмаған дұрыс қой. Клиникада медициналық қызмет, дәрі-дәрмекпен қамту, тамақ тегін екенін айтқым келеді», - дейді Мағрипа Сматова.
«Жуас» клиникасында кардиологиялық, неврологиялық ауруға шалдыққан науқастардың да емделуіне мүмкіндігі бар. Тәулік бойғы және күндізгі стационарлар бар. Емдеудің мерзімі – 10 күн. Дәрі-дәрмек терапиясы, массаж, ЛФК, мануалды терапия және тағы басқалар қамтылған. 
Неврологиялық бөлім меңгерушісі Асхат Төлеповтың айтуынша, МӘМС пен жеке клиникаларда медициналық қызметтердің қолжетімділігінің арқасында пациенттер уақытылы ем қабылдай алады.
«МӘМС аймақта инсульт кезіндегі көмек қызметінің қарыштап дамуына жол ашып отыр. Медициналық ұйымдарда КТ, МРТ аппараттары орнатылған. Ангиограф аппараты қолданысқа енгізілгелі буын, ми, аяқ-қол және өзге де ағзалар патологиясын ерте анықтау мүмкіндігі екі есе артты. Әлбетте, мұның бәрі кардиологиялық, неврологиялық аурулар бойынша мүгедектікке шығу көрсеткіші төмендеді», - дейді Асхат Төлепов.
Әлеуметтік сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2024 жылы 112 медициналық қызмет тасымалдаушымен (30-ы – мемлекеттік, 82-сі – жеке) жалпы көлемі 118,03 млрд теңге көлемінде келісімшарт жасасқан. Оның ішінде мемлекеттік медициналық ұйымдар тарапынан 103,55 млрд теңге, жеке ұйымдарға - 14,48 млрд теңге бөлінді.
18 шілде 2024 ж. 196 0