Мөлтек аудандарға газ келді

Жоба құны іске асқан уақытта Жаңақорған кентінің Саяжай, МАИ бекеті, Ипподром мөлтек аудандарының 5120-ға жуық халқы көгілдір отынды пайдаланатын болады.Атқарылып жатқан игі істерге аудан тұрғындары да дән риза.
-Біздің Жаңақорған ауданында көптеген игілікті істер жасалып жатыр.
“Газдандырылып жатыр, су тартылып жатыр, жолдарға тас төселіп жатыр. Бұрын негізі Жаңақорған ауданына газ тартылған. Бірақ жаңадан бой көтерген үйлерге газ тарту жұмыстары енді аяқталды. Біз оны мақтан етеміз. Осындай игілікті жұмысты атқаруда облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына көп-көп рахмет айтамыз. Осы жұмысқа жұмылдырылған жандарға да айтар алғысымыз шексіз. Халық игілігі үшін аянбай еңбек етуде,- дейді аудан тұрғыны Серік Мұсабай.