№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді


Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Жаңақорған ауданында құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.


Қабылдау барысында Қожакент, Жаңарық ауылдық округының тұрғындары жер мәселесі, ақылы жол, қараусыз жүрген үй жануарлары туралы өз мәселелерін көтерді. Облыс әкімінің орынбасары аудан тұрғындарының қоғамдық қабылдау кезінде көтерген мәселелерін жеке бақылауына алып, тиісті сала басшыларына қолданыстағы заң талаптары бойынша қолдау көрсетуді тапсырды.

Мұнан кейін Нұрымбет Сақтағанов еңбек ардагері Есалы Тұрсынбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Атап айтқанда Жаңақорған кенті “Маи бекеті”, “Ипподром”, “Саяжай” мөлтек аудандарындағы балалардың спорт алаңының құрылысымен, әлеуметтік нысандардың оның ішінде “Ақбота”, “Алпамыс”, “Болашақ” балабақшаларының алдағы жылыту маусымына дайындығы, “Маи бекеті” мөлтек ауданындағы жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты.

18 қыркүйек 2022 ж. 350 0