Туризмнің дамуына мол мүмкіндік

– «ШЫҰ форматын» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Олардың қатарында «ШЫҰ елдерінің рухани киелі орындары» жобасы мен «ШЫҰ Жібек жолы» бірінші халықаралық музыка фестивалі бар. Сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 туристік аумақ анықталды. Алматы қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасына айналды, – деді Мемлекет басшысы.
Демек, туризм саласына да серпіліс пайда болды. Бұл Алматы шаһарының сұлу табиғатын екінші бір қырынан әлем елдеріне көрсетуге мол мүмкіндік туғызып отыр деген сөз. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аудандағы туристік аймақтарды айшықтап, дамытудың жолын жүйелеу керекпіз. Қалғанын уақыт көрсетеді...Әлібек Жарықбаев