№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Германияға сапар

Германияға сапар

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Германияға жұмыс сапарымен барды.  Мақсат – Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету. 
 Сапар барысында сала басшысы екі мемлекет арасындағы эконо­микалық байланыстарды тереңдетуге бағытталған бірқатар кездесулер өткізеді. Ерекше назар GP GünterPapenburg AG бақылау кеңесінің мүшесі Манфред Грундкемен және Германия экономикасының Шығыс комитетінің басқарушы директоры Майкл Хармспен кездесуге аудары­лады. Кездесулерде өнеркәсіп сала­сын­дағы бірлескен жобаларды жүзе­ге асыру және инвестициялық ынты­мақтастық мәселелері талқыланады.
Бұдан басқа, Министр өнеркәсіпті дамыту саласындағы пікір және тәжірибемен алмасу алаңына айналатын Германия экономикасының Шығыс комитетінің мүше компания­лары­ның өкілдерімен өтетін дөңгелек үстел­ге қатысады. Сондай-ақ  «Zierbus» және «Fronius International» жетекші компанияларымен екіжақты кездесулер жоспарланған. Оның мақсаты – жоғары технологиялар мен жабдықтар өнді­рісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылау.
Сонымен қатар сапардың басты оқиғасы министрдің Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланатын үкімет­аралық жұмыс тобының отырысына қатысуы болмақ.
Бұл сапар Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Респуб­ликасы арасындағы серіктес­тіктің маңыздылығы мен тереңдігін көрсе­тіп, өнеркәсіптік саласындағы бірлес­кен инвестициялар мен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
 
16 ақпан 2024 ж. 994 0