Сыртта жүріп сыйыңыз кетпесін
Ауданда 30 учаскелік полиция инспекторының 10-ы өзінің қарауына бекітілген елді мекеніне көшіп баруды кейінге қалдырып келеді. Бұл жағдай 7 ауылдық округтің әкімі мен 6 мектептің директорына да қатысты. “Ауыл әкімдері, сондағы ағарту және денсаулық сақтау сала басшылары, учаскелік инспекторлар өз иелігіндегі аумақта тұруы қажет” деген ортақ талапты елемей жүргендер туралы не деуге болады?
Ал ақпараттарға зер салсақ жолсыздықтардың көбі осындай нақты қадағалау мәселесіне селкеу түскен орындарда көбірек бой көрсетуде. Сақшы қызметкерлердің жұмысын саралап көрейік. Учаскелік полиция инспекторының өзі ауылда тұрып, тұрғындармен етене араласып, түнгі мезгілде беймезгіл жүрген жастарды қадағаламаған соң түрлі жағдайлар орын алады. Ал ауыл әкімдерінің ауылдан жырақта тұруы екі бастан көңілге қонбайтын көрініс. Бұл үрдіс жауапкершілікті де төмендетеді.
Бұл туралы аймақ басшысы бірнеше рет ашық айтып, қатаң ескерткен болатын. Кешегі кеңейтілген мәжілісте де осы сын айтылды.
– Ауылдарды аралап, халықпен кездескен сайын үнемі тұрғындар ауыл әкімі мен учаскелік полиция инспекторының жұмысына жиі шағым айтады. «Оқыс оқиғалар болған сәтте инспекторды да, ауыл әкімін де таппаймыз» дейді. Мұның бәрі қатынап жұмыс істеудің салдарынан туындайды. Халықтың шынайы талап-тілегінен туындайтын мәселе шешімін табуға тиіс, – деген еді облыс әкімі.
Шын мәнісінде бұл бастама өте орынды. Өткен жылы бірнеше ауылда мал ұрлығы орын алды. Әкімі де, сақшысы да сырттан қатынап жұмыс істейтіні белгілі болды. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дегеннің кері. Өйткені тәртіпсіздіктің көп бөлігі тәуліктің екінші жартысында орын алатынынын ұмытпау қажет. Елдің тыныштығына ауыл әкімдері де жауапты. Қоныстың қожайыны, елдің егесі ретінде түнгі мезгілде төбе көрсетіп жалпы жағдайды назарда ұстау керек. Учаскелік инспектормен бірге ауылдағы мал-жанның іздеушісі бола білгенде жұмыс жүреді, қылмыс азаяды. Бұл мәселеде көзбояушылық жасап, ауылдан бір үйді жалдап қойып, ал өзі кеш батса аудан орталығына тартып отыратын әдіс-айлаға көшкендер бар. Әрине, әркімнің іскерлік қарымқабілетіне, азаматтық болмыс-бітіміне халық төреші. Бірақ тәртіптің аты тәртіп.
Ал мектептердің жайы тіпті бөлек. Себебі директорлар әр ауылдың зиялы тұлғасы. Бала тәрбиесі өте маңызды процесс екенін ескерсек, директорлар осыған жауап береді. Олардың жұмысы 6-8 сағатпен шектелмейді. Міне, осындай жауапты міндетті арқалап жүрген алты бірдей мектептің директоры күнделікті ауылға қатынап қызмет атқаруда. Әрине, аталған мектептер орналасқан елді мекенде директорға лайықты азаматтар жоқ емес. Осы ретте, бізге Арал ауданының тәжірибесі көп үлгі. Басшыны айтасыз, онда мамандарға да осындай талап қойылған. «Қызмет жасағың келе ме, елдің ортасында бол, отбасыңызбен көшіп бар» деген талап қойылды. Бұл талап «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген тәмсілді нықтай түссе, мемлекеттің көлігімен ерсілі-қарсылы қатынайтындардың қазына қаржысын үнемдеуге септігін тигізер еді.
Біз тақырыпқа орай мемлекеттік қызмет саласының ардагері Серқожа Ыдырысовтың пікірін білдік. Ардагерлік кезеңге абыроймен жеткен азамат басшының өзі үлгі болмаса, ештеңе өнбейтінін айтады.
– Біз Кеңестік кезеңде де, тәуелсіздік жылдарында да еңбек еттік. Ұзақ жылғы тәжірибемде менің осыған көзім жетті, – дейді ол.
Ауыл әкімдері болсын, мектеп директорлары болсын қызмет етіп жатқан жерінде тұруы керек, – дейді. Ардагердің сөзінің жаны бар. Бірінші басшы қандай болса мамандар да солай қалыптасады. Бұл ауыл әкімдеріне де қатысты. Нақтырақ айтсақ, ауылға ауданнан немесе қаладан қатынаймын деп жұмысқа кешігіп келген әкім мамандардан жұмысқа уақытылы келуді талап ете алмай қалуы мүмкін. Сондай-ақ жолдағы уақыт шығынын ескеріп, ерте қайтып кететін болса мамандардың да жауапкершілігі төмендеуі мүмкін.
Түйін. Бүгінде әкімдердің жұмысын мал басының көбеюімен, егіннің артуымен өлшейтін заман келмеске кетті. Қазір заманның дамып, қоғамдық-саяси қатынастардың өзгеруіне байланысты әкімдер мен басшыларға талап та күшейді. Әкімдерге қойылатын басты талап – жаңашылдыққа ұмтылу. Сондай-ақ «Әкім бол, халыққа жақын бол» деген қанатты қағида жыл жаңарып, заман ауысса да өз мәнін жойған жоқ. Әр әкім заман ағымына сай өз ауылын көркейтіп, халықпен етене жұмыс жасауы керек-ақ.

Әсел РЗАЕВА