Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚР Президентінің көмекшісі Мәлік Нұржанұлы іссапармен ауданымызға келді

ҚР Президентінің көмекшісі Мәлік Нұржанұлы іссапармен ауданымызға келді

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы іссапармен ауданымызға келді.
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы ауданымызда іс сапарда болып, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасы бойынша Түгіскен ауылдық клубының атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Сыздықов тұжырымдаманың жеті жобасы аясында аудан бойынша қол жеткізілген негізгі көрсеткіштерді баяндады. Түгіскен ауылдық клубының директоры Б.Тасқожаева «Кино ТІМЕ», «ART уақыт», «Сұхбат ТІМЕ», «Креативті HUB», «Жанұя шуағы» және «Еріктілер тобы» жобалары бойынша үйірме жұмыстарымен таныстырды. Түгіскен ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Көшербаев «Әлем ВООК» жобасы бойынша Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым қожа» кітабын оқырмандармен талдау жасады.
03 маусым 2024 ж. 271 0