Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Израиль президенті Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Израиль президенті Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Израиль тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаған. Өз кезегінде мемлекет басшысы Израиль президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тілеген. Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылаған. Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтіліп, екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңыздылығы айтылған.
20 наурыз 2023 ж. 1 812 0