№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » XXI ғасыр білім мен ғылымның заманы

XXI ғасыр білім мен ғылымның заманы

Ғылым мен білім адамзат өркениетті тарихында қоғамның алға басуы үшін маңызы зор. Кейінге кездері мемлекет тарапынан ғалымдарға ерекше ықылас танытып отыр.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ ғылымының қара шаңырағы ғылым ордасына арнайы ат басын бұрды. Келелі кездесуде ғалымдармен өзара пікір алмасып, болашағымыздың жарқын символы – білімді жастарымыз екенін тілге тиек етті.

– Жаңарған Ғылым ордасы бүгінгі және болашақ ғалымдар үшін қызмет ете береді. Жалпы, осы жерде халқымыздың көптеген көрнекті ғалымдары еңбек еткен. Ғылым ордасында есімі ел тарихына жазылған біртуар тұлғаларымыздың ізі қалған. Сондай ұлт перзенттерінің бірі әрі бірегейі – академик Қаныш Сәтбаев. Биыл ғалымның туғанына 125 жыл толды. Академик Қаныш Сәтбаев елімізді өркендетуге орасан зор үлес қосты. "Ғалымның хаты өлмейді" деген. Халқымыз әлі күнге дейін оның ашқан жаңалықтарының игілігін көріп отыр", – деді ол кездесуде.
Иа, ғылымсыз өркениеттің өлшемі бұлыңғыр. Келелі кездесуде Президент бірнеше ауқымды мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын айтты.
Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертфикаттарын табыстады.
01 маусым 2024 ж. 208 0