№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Елдіктің еңсесі бірлікпен бекемделеді

Елдіктің еңсесі бірлікпен бекемделеді


Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудағы профилактикалық шаралардың тиімділігі. Пробация және ішкі істер органы есебіндегілер мен бұрын сотты болғандарға отбасылық әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің деңгейі. Аудан әкімдігінде өткен жедел мәжілістің күн тәртібінде осы үш мәселе талқыланды. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегеновтің төрағалығымен өткен жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Шәріпбеков бастаған сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері, мәслихат төрағасы, ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен «Аманат» партиясы аудандық филиал төрағасы және ҮЕҰ жетекшілері қатысты.


Жиынның мақсаты мен маңыздылығына тоқталған Исламбек Тынарбайұлы:
– Қазіргі қоғамда құқық қорғау саласына артылар жүк өте ауыр. Қылмыстың түрлері өсіп, заң бұзушылық тыйылмай тұрғаны ақи­қат. Оның ішінде жастардың болашағына алаңдайтынымыз рас. Не нәрсеге де әуес келіп, ойнап жүріп от басатын жеткіншектер өміріне араша тұруда қолдан келгенін жасап келеміз. Бұл бағытта жауапты мекемелер мен дін өкілдерінің қызметіне жүгінуге тура келеді. Өйткені діни экстремизм қаупі әлі де сейілмей тұр.
Сотты болғандар мен отбасындағы зорлық-зом­былық қылмысы да басты мәселенің біріне айналды. Есірткі затын пайдалану дерегі де аз емес. Міне, осы­ның барлығы, сайып келгенде, елдің ертеңіне, кемел келешегіне үлкен зиянын тигізеді. Осының алдын алуды мақсат етіп қана қоймай, заң жүзінде қатаң бақылауда ұстауымыз керек, – деді.
Ауданда жастар мен жасөспірімдердің тәртіпсіздігі, отбасылық зорлық-зомбылық және бұрын істі болғандар мен жұмыссыздық мәселесі өзекті болып тұрғаны рас. Оқушылар мен студенттердің жазғы демалысы кезіндегі бақылауды күшейту өте қажет. Түнгі уақытта жастардың бейберекет жүрістері, жүгенсіз мінез-құлықтары құқық қорғау саласы өкілдері ғана емес, әрбір ата-анаға жауапты жүк арқалататыны рас.
Статистикаға сүйенсек, ауданда қылмыстық құқық бұзушылық өсім алған. Оның ішінде әлімжеттік, көлікті масаң күйде басқару, соттылығы бар тұлғалармен жасалған қылмыс және топ болып жасалған қылмыстар белең алған. Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлыбек Қордабаев баяндама жасады. Атқарылған жұмыстардың есебін берген Нұрлыбек Құрбанәліұлы алдағы уақытта прокуратура мен әкімдік және өзге де мекемелер мен ата-аналармен бірлесіп атқарылатын жұмыс жоспарына тоқталды. Әсіресе, балалардың жазғы демалысында қатаң режимде жұмыс жасау мәселесі тиянақталды. Өз кезегінде ел ағасы Төребай Сапарбаев біршама мәселелер көтеріп, шешімін табу жолдарын бөлісті.
Келесі кезекте аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаков хабарлама жасап, нақты міндет-межені айқындады.
Бүгінгі күннің тағы бір өзекті тақырыбы – сотты болғандардың ертеңі жайында өрбіді. Ауданда 75 тұрғын сотталғандардың тізімінде тұр. Оларды қоғамға қайта бейімдеу үлкен мәселе туындатады. Жаза басқандардың көбісі қоғамға қайта бейімделуге ниетті. Кәсіп бастап, қайта оқуға, несие рәсімдеуге және түрлі салаға қызметке орналасуды көздейді. Бұл бағытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Семсер Әсеновтың хабарламасында жан-жақты қамтылды.
Мәжіліс соңында облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Тынарбайұлы тәртіпті күшейте отырып, бақылау, зерделеу жұмысын жеделдетуді тапсырды. Әсіресе, пробация есебінде тұрғандар және күрделі мінез-құлықты тұлғалармен жұмысты жүйелеуді тапсырды. Сондай-ақ, қыз-келіншектердің отбасындағы құндылықтардың берік тұтқасы ретінде ұрпақ тәрбие­сі ұлағатына жауаптылығы айтылды. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» дегендей, заңға бағынып, тәртіпке тік тұрған елдігімізбен ғана ертеңіміз нұрлы.

Әлібек ТЕМІРБЕК
28 мамыр 2024 ж. 268 0