Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды!

Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды!



Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегеноатың төрағалығымен жедел мәжіліс өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Шәрібеков бастаған сала басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысқан жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудағы профилактикалық шаралардың тиімділігі.
2. Пробация және ІІО есебіндегілермен, бұрын сотты болғандарға әлеуметттік-құқықтық көмек көрсетудің деңгей.
3. Отбасылық әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің деңгейі.
Әр мәселе бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, тиісті сауалдарға жауап берді. Аудандағы құқық бұзушылық, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің тәртіпсіздігі, отбасылық зорлық-зомбылық және бұрын істі болғандар мен жұмыссыздық мәселесі өзекті болып тұрғаны рас. Оқушылар мен студенттердің жазғы демалысы кезіндегі бақылауды күшейту өте қажет. Түнгі бей-берекетсіздік, жастардың жүгенсіздігі құқық қорғау саласына ғана емес, әрбір ата-анаға жауапты жүк екені рас.
Мәжіліс соңында Исламбек Тынарбайұлы тәртіпті күшейте отырып, бақылау, зерделеу жұмысын жеделдетуді тапсырды. Әсіресе, пробация есебінде тұрған тұрғындар мен мінез-құлқы нашар адамдармен жұмысты жүйелеуді тапсырды. Сондай-ақ, нәзік жандылар тарапынан да мәселе туындамау үшін бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Өзім және құрамдағы қыз-келіншектер, апа-әпкелер бала болашағы мен отбасындағы құндылықтарды берік ұстауға барынша күш саламыз. Қазақта «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тәмсіл бар. Сондықтан заңға бағынып, тәртіпке тік тұрған ел болғанымыз ертең үшін ең керекті қасиет болары ақиқат...

Ақмарал МАЛИКОВА, 
аудандық мәслихат депутаты
26 мамыр 2024 ж. 278 0